- Негізгі бет
- Денсаулық
- Семіздік тіс түсуге...
Семіздік тіс түсуге әкеледі
Семіздіктің арты созылмалы қабынуға ұласып, сүйек жасушаларының бүлінуіне әкелуі мүмкін. Оның ішінде тісті ұстап тұрған сүйектер де бүлінуі ықтимал. Бұл – Нью-Йорк штаты Университетінің мамандары жүргізген зерттеуден шыққан тұжырым.
Аталмыш зерттеудің мақсаты семіздік пен тіс ауруларының арасында қандай да бір байланыс бар ма әлде жоқ па – соны анықтау болған.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, семіздік ағзада шектен тыс қабыну процесін іске қосып, бұл өз кезегінде иммунды жасушалар тобына жататын миелоид-супрессорлы жасушылардың (MDSC) көбеюіне әкеледі екен. Ал MDSC остеокласть (сүйек жасушасын бүлдіретін жасуша) сынды типтік жасушалардың бөлінуіне, көбеюіне жол ашатын көрінеді.
Қ. Слямбек"Сүйек массасының жоғалуы – тіс ауруларының пайда болуына әкелетін негізгі себеп. Тіс ауруларының 47 пайызы тіс сүйегінің бүлінуі – пародонтоз ауруына жатады. Біздің зерттеуден пародонтоз бен семіздіктің арасында қандай да бір байланыстың барын аңғартады. Бірақ зерттеуді әлі де көлемді жүргізу қажет", - дейді университет жанындағы Стоматологиялық мектептің профессоры, стоматология ғылымдарының докторы Кейт Кирквуд.