Назарларыңызда оңай 5 минуттық секіру жаттығуларының топтамасы. Бұл физикалық жаттығулар аяқ бұлшық еттерін жаттықтыруға бағытталған. Балтырдан бастап жамбасқа дейінгі бұлшық еттерді шымыр қылуға көмектесетін жаттығуларды біліп жүріңіздер.
Топтаманың әр жаттығуын басында 10 рет жасаңыз, уақыт өте жаттығуды мүмкіндігінше көбірек орындай беріңіз.
1-жаттығу
Сәл отырып, дененің салмағын өкшеге түсіріңіз. Екі тізені екі жаққа бағыттап секіріңіз. Секірген кезде қолыңызды аяққа суреттегідей тигізіңіз.
2-жаттығу
Бір аяққа тұрып, екіншісін артқа тартыңыз. Осы қалыпта кішкене алдыға қарай еңкейіңіз. Шетке қарай секіріп, басқа аяққа "қоныңыз".
3-жаттығу
Сәл еңкейіп, отырғандай болыңыз. Секіріп, қол мен аяқты жан жаққа қарай ашыңыз.
Жаттығуларды музыкамен орындаған екі есе әсер мен кремет көңіл-күй сыйлайды.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: teenvogue.com