- Негізгі бет
- Денсаулық
- Сау жанардың құпиясы...
Сау жанардың құпиясы
Көзіміз туралы көзіміз ауырғанда ғана еске алып, былайғы кездері мән бере бермейміз. Теледидар, компьютер, кітап оқу көзге айрықша әсер етіп, тек дұрыс күтім жасалғанда ғана көз өз саулығын сақтап қалады. Әйтпесе, көзілдірік киетін жандардың бәрі оқымысты емес.
Гарвард университетінің мамандары көз саулығын сақтау үшін мына бір 4 тәсілді ұстансаңыз болғаны деп отыр.
Бірінші, дұрыс тамақтану керек. Көзге сәбіз бен қаражидек пайдалы. Мамандар күніне 3-4 сәбіз жеп, қаражидек шырынының 1 литрін ішіп тұру керек деген кеңес береді.
Екінші тәсіл: Көзге жаттығу жасау. Ең қарапайым жаттығу: алысқа қарап тұрып, көзді бірден жақын тұрған затқа ауыстыру.
Үшінші тәсіл: Жұмыс уақытында 5 минуттық үзіліс жасау керек. Бір нүктеге бағытталғанда көз шаршап, саулығын жоғалта бастайды.
Төртінші тәсіл: Дұрыс ұйықтау. Ұйқының бұзылуы ағзаның кез келген мүшесіне, соның ішінде көзге де жағымсыз әсер бере алады.
Кейбір ғалымдардың ойынша, көңіл-күйдің төмендігі көздің нашарлауына әкеліп соғатын көрінеді.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: mail.ru
Р. Роза