- Негізгі бет
- Денсаулық
- Сатылатын адам ағзалары...
Сатылатын адам ағзалары
Адам ағзасын саудалауға елде қатаң тыйым салынған. Cоған қарамастан елімізде ағза донорлары бар. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 210-бабына және 212-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес тірі адам (тірі кезінде донор) және қайтыс болған (қайтыс болғаннан кейін донор) донор бола алады.
Ал сатуға келгенде қатаң тыйым салынған. Ол заңда былай көрсетіледі: Кодекстің 209-бабы 4-тармағының 3 және тармақшаларына сәйкес трансплантаттау мақсатында тыйым салынады. Бірақ заңмен рұқсат етілген, адамға залалын тигізбейтін ағзалар да бар.
Шаш
Ұзын шашты ғана сатуға болады. Бағаны белгілемес бұрын сатып алушылар шаштың сапасына мән береді. Боялмаған, жіңішке ақшыл түсті шаштар жоғары бағаланады: мұндайды 100 граммы 50 мың теңгеге дейін сатуға болады. Боялған және табиғи қара шаштар әлдеқайда арзан болады. 100 грамм үшін небәрі 5 мың төленеді. Ұштанған, ұзындығы 50 сантиметрден қысқа шаштың бағасы бірден төмендейді.
Сперма
Сперманың доноры 18-35 жас аралығында сау ер азамат бола алады. Сперманың бір порциясы үшін орталық шамамен 40 мың теңге төлейді. Ақша бірден қолға тимейді: алдымен медициналық тексерістен өту керек. ЖИТС, гепатит сияқты аурулардың бар-жоғына көз жеткізу керек, кейін ДНҚ тестін тапсырады. Екіншіден кей емханалар оның крио беріктілігіне көз жеткізгеннен кейін төлейді, яғни 6 айдан кейін. Айына 5-6 рет сперма тапсыруға болады. Оның үстіне әрбір емхана бір донордан туған балалар санын есептейді. Сол себепті егер олардың саны 800 адамға шаққанда 20-дан асқан кезде, сперма қабылдаудан бас тартады.
Жұмыртқа жасуша
Ең аз дегенде сау бір бала дүниеге өмірге әкелген 18-30 жас аралығындағы кез кезген қыз жұмыртқа жасушасының доноры бола алады. Ол үшін медициналық тексерістен өтеді. Жұмыртқа жасушасы үшін 400 мың теңгеге дейін төлейді. Оны үш айда бір тапсыруға болады. Оның үстіне әйел өмірінде тек 6-8 рет тапсыра алады.
Қан
Қанды кез келген 18 жасқа толған, салмағы 50 килограммнан жоғары адам тапсыра алады. Дүниежүзлік Денсаулық Сақтау ұйымының шешімі бойынша, донордан тек 450 миллилитр қан ала алады. Әйел адам әрбір үш ай сайын қан тапсырса, ер адам болса екі айда бір тапсырады. Шамамен 4000 теңге көлемінде ақы төлей алады.