Сарымсақтың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Бұл керемет көкөніс түрі көптеген антибактериялық аурудың алдын алады. Сонымен қатар түрлі тұмау ауруына, атеросклероз және бүйрек ауруларына қарсы көмектеседі. Барлық әлемнің оқымыстысы бұл көкөністің жүрек-қан тамыр жүйелеріне әсері мол екенін айтады. Сарымсақты тұтыну арқылы қан тамырларыңызды қалыпқа келтіре аласыз.
Сарымсақпен ағзаңызды да ретке келтіруге болады.
Қытай медицинасында ағзаны ретке келтіру үшін сарымсақты пайдаланады. Ол үшін сарымсақтың сыртын аршып, оның бір кішкентай бөлігін ауыздарына салады. Бұл әдісті сіз де әр таң сайын шамамен 30 минуттай жасасаңыз болады. Көп ұзамай нәтижесіне көзіңізді жеткізесіз. Құрамында пайдалы элементтер бар сілекей сіздің қаныңызға барып, лимфа мен тамырларыңызды тазалайды. Сонымен бірге ауыз қуысыңыз бен қызыл иегіңізді қатайтады. Тісіңіздің қанауына жол бермейді.
Бұл тәсілді істеп болғаннан кейін міндетті түрде сарымсақты түкіріп тастап, аузыңыздан жағымсыз иіс шықпау үшін тісіңізді тазалап, шайғаныңыз дұрыс. Ал егер қарапайым тіс пастасы көмектеспесе, онда кофе түйіршіктерін немесе ақжелкен жапырағын шайнап көріңіз.
Сарымсақ бөлігін неліктен аузыңызға саласыз? Себебі ...
- сарымсақ тәбетіңізді ашады.
- қаныңызды тазартады.
- сізді тұмау індетінен және басқа да түрлі аурулардан қорғайды.
- бронх қабынуынан сақтайды.
- бүйрек аурулары мен қуық қалбыршағы кезінде көмектеседі.
- теріңізді тазартады.
Егер бірден сарымсақтың бір бөлігін аузыңызға салу қиын болса, онда кішкентайдан бастап, күн сайын көлемін арттырып отырыңыз. Сонда сіздің шырышты қабығыңызға жеңіл болады әрі тез үйренісіп кетесіз.
Сарымсақты сору денсаулығыңызға өте пайдалы. Оның бір кішкентай бөлігі ғана сізге ерекше күш-қуат беріп, өз-өзіңізді күшті сезінуге септігін тигізеді. Уақытыңызды босқа жоғалтқанша, сарымсақпен емделуді бастаңыз.