Сары майдың пайдасы мен зияны

Қазіргі таңда сарымай төңірегінде пікірталас көп-ақ. Біреулер оны денсаулыққа қауіпті тағам десе, енді бірі сарымайды тамақ рационынан мүлдем алып тастау одан да қауіпті екендігін алға тартады.

Құрамы

Сарымай минералды заттарға бай тағам. Оның құрамында калий, фосфор, кальций, натрий, селен, магний, темір, мырыш, мыс және марганец бар. Оған қоса, кейбір түрлерінің құрамында А, Е және К дәрумендерімен қатар, РР, В1, В2, В5 және D дәрумендерін де кездестіруге болады.

Дей тұра, сарымайдың құрамындағы май үлесі адам ағзасына қажетті шамадан 2,5 есе көп екендігін ескеру керек. Осы жағдай холестеринге де қатысты.

Зияны:

— Сарымай дене салмағы артық адамға, әлбетте зиянын тигізетін тағам.

— Сүт өнімдеріне, соның ішінде сиыр сүтіне аллергиясы бар жандарға сарымайды тұтынбаған абзал.

— Сарымайдан аулақ болудың тағы бір себебі- оның құрамындағы холестерин мөлшерінің тым жоғару болуы.

Пайдасы:

Әйел ағзасында холестерин  жетіспеген кезде, бұл оны бедеулікке алып келеді. Оған қоса, майды аз тұтыну – менопауза уақытын жақындата түседі.

Өзінің тамақ рационына қажетті мөлшерде сарымай қосқан адамның асқазанындағы кішкентай жаралар жазыла бастайды. Сондықтан асқазаны ауыратын адамдарға сарымайдан бас тартпаған жөн.

Күніне желінген 50 грамм май көз бен сүйек саулығына кепіл бола алады. Сарымай адамның иммунитетін күшейтіп, белсенділігін арттыра түседі.

Ағзаға қажетті мөлшері

Сарымайдың зияны мен пайдасын бір таразы басына қойсақ, пайдасы басымдырақ екендігіне көз жеткізуге болады. Сарымайдан мүлдем бас тарту, денсаулыққа айтарлықтай зиянын тигізеді. Бірақ егер Сіз күнделікті тамақ рационына 30 грамм сарымай қосатын болсаңыз, бұл сіздің сымбатыңызға еш қауіп төндірмей, ағзаңыздың сау болуына көмектеседі.

arular.kz