«Медициналық көмектің сапасы және қолжетімділігі – емхананың бәсекеге қабілетті болуының кепілі» деп есептейді №5 Қалалық емхананың бас дәрігері Гүлшахира Қамбарова.
2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) енгізілуде.
Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапты болуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, МӘМС-ті енгізу арқылы халық өз таңдауы бойынша, кез келген мемлекеттік немесе жеке клиникадан медициналық көмек алу құқығына ие болады. Яғни, медициналық ұйым мен дәрігерді еркін таңдауға азаматтардың құқықтары іске асырылады. Сәйкесінше, барлық медициналық ұйымдар қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсетуге мүдделі болуы тиіс.
2016 жылдан бастап емхана жұмысы аралас принципке ауыстырылды, яғни халықтың барлық жас тобына көмек көрсетіледі. Емдеу мекемесі жұмысының нәтижесі оған бекітілген тұрғындар санына байланысты болады. Демек, бұл емханаға тіркелетін адамдардың саны жылдан жылға өсуде және бүгінгі күні қаланың түрлі аудандарынан 53425 адамға көмек көрсетіледі.
Емхана арнайы бейіндегі дәрігерлермен толық қамтамасыз етілген. Күндізгі стационарда пациенттерге стационарды алмастырушы көмек алғаннан кейін жайлы болу үшін барлық жағдай жасалған 35 төсек-орын бар.
Емхана заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Емхана базасында 2014 жылдан бері Қалалық гепатология орталығы жұмыс істейді, оның мақсаты бауыры ауыратын пациенттерге сапалы кешенді мамандандырылған медициналық көмек көрсету, бауыр патологиясы бар науқастарды халықаралық стандартқа сай диагностикалау және уақытылы емдеу болып табылады. Орталықтың базасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымның жолдамасы бойынша созылмалы вирустық гепатиттері бар пациенттерді қабылдау, вирусқа қарсы терапияны мониторингілеу, пациенттерге вирусқа қарсы терапия алуына рецепт жазып беру ұйымдастырылған.
2014 жылдың шілде айынан бастап күту парағын қалыптастыру үшін «Гепатоорталық» бағдарламалық модулі жасалған, ол вирусқа қарсы терапияға кезекке тұру тізімін жүргізуді электрондық автоматтандыруға арналған.
Халыққа көмек көрсету мақсатында халықаралық тәжірибеге сай әлеуметтік қызметкерлер, психологтар жұмыс жасайды. Емханада нақты функционалдық міндеттері анықталған әлеуметтік-психологиялық қызмет құрылған.
Бұл мекемеде «Жас дәурен» жастар денсаулық орталығы, «Мінез-құлықтық қауіп факторларының мектебі», «АГ және ЖИА ауыратын науқастар мектебі», «Қант диабетінің алдын алу мектебі» қызмет көрсетеді, сонымен қатар қаладағы алғашқы «Бронх демікпесі бар пациенттерге арналған мектеп» құрылған.
Мекемеде «Alma Turn» электрондық кезек жүйесі енгізілген. Бұл емхана келушілерін емдік, консультациялық қызметтерге жолдау кезінде қабылдау уақытын брондау, пациенттің деректерін емхана базасынан іздеу, сонымен қатар веб-сайттан on-line өтінімдерді қабылдау арқылы олардың ағымын дұрыс бөлуге көмектеседі.
«Емхана персоналын бағалау» модулі қызметтерге деген қажеттілікті, сондай-ақ дәрігерлер тарапынан болған бұзушылықтарды анықтау үшін емхана фойесінде орнатылған. Емхана пациенттерінің емхана жұмысы туралы толық ақпарат алуға, дәрігерлердің жұмыс кестесімен, нормативтік құжаттармен және басқа да пайдалы ақпараттармен танысуға мүмкіндігі бар.
Дауласқан тараптарды бейтарап адамдарды тарту арқылы келіссөз жүргізу жолымен табыстыру үшін өткен жылы Медиация орталығы ұйымдастырылған болатын. Медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ кезекте тұруды жою мақсатында емханада "Traige-жүйе" енгізілген. Пациенттерді сәйкестендіру және құжаттарды ресімдеу уақытын қысқарту үшін кардридерлер орнатылған.
Емханада мейірбикелердің науқастарды өздігінен қабылдау алгоритмі енгізілген. Олар өз құзыреті шегінде амбулаториялық картада жазбамен науқастарды қабылдап, тексеруге, созылмалы аурулары бар науқастарға тегін дәрілік заттарға рецепт жазып беруге, жіті және созылмалы аурлар кезінде пациенттерге дәрігерге дейінгі және шұғыл көмек көрсетуге құқылы.
Айлық шеңберінде №5 Қалалық емхана үлкен жас тобындағы адамдар арасында денситометрия әдісімен остеопорозды ерте анықтауға тексеру жүргізу үшін Ашық есік күнін өткізді. «Maxima» ойын-сауық орталығында салауатты өмір салтын насихаттау, қан айналымы жүйесінің ауруларын ерте анықтау, әлеуметтік мәні бар ауруларды және қатерлі ісіктердің алдын алу мақсатында ақпараттық науқас ұйымдастырды. Сонымен қатар, үй жағдайында 20 көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына невропатолог, педиатр, психолог мамандарының профилактикалық тексеру жүргізуі мақсатында қайырымдылық акциялар өткізілді.