Осы күні кейбір қыз сәнбикелер секілді келбетке ие болып, олардың жүрісін қайталағысы келеді. Қайталаймыз деп ұсқынсыз көрініп жататын сәттері де аз емес. Сәнбикелердің жүру мәнерін үйрену үшін олардың қалай жүретіндіктерін анықтап алуымыз керек. Бір қарағанда сәнбикелер 14 сантиметрлік біз өкше аяқ киімнің үстінде оңай тұрғандай көрінуі мүмкін. Шындығында, бұл қажырлы еңбектің жемісі ғана. Олай болса, сәнбикелердің әдемі жүріске қалай қол жеткізетіндіктерін анықтап көрейік.
1. Аяқ киім сізге ыңғайлы ма, әлде ыңғайсыз ба оның мүлдем маңызы жоқ. Бастысы – дұрыс аяқ киім таңдау. Бұрын-соңды биік өкше аяқ киім киіп көрмеген болсаңыз, аз жаттығып алуыңыз керек. Жаңа туфли еденде сырғанамас үшін өкшесін пышақтың жүзімен сырыңыз. Сырғыңыз келмесе, медициналық жапсырмаларды пайдалануыңызға болады. Не істесеңіз де, өкшесіз аяқ киім кимеңіз.
2. Сәнбикелер секілді тұруды үйреніңіз. Бойыңызды тік ұстаңыз, иығыңызды жайландырыңыз. Қажет болса, басыңызға кітап қойып, оны түсірмеуге тырысыңыз.
3. Адымды аяғыңыздың алдыңғы бөлігін жерге тигізуден бастаңыз, артынша өкшеңізді қойыңыз. Бастапқыда жайсыздықты сезінуіңіз мүмкін, алайда артынша жүрісіңіздің өзгергенін байқайсыз. Бұл бір қарағанда балет бишілерінің жүрісіне ұқсайды.
4. Түзі сызықтың бойымен жүріңіз. Яғни, аяғыңызды бірінің алдына бірін орналастырыңыз. Бірақ, бөксеңізді бұлтаңдатпаңыз. Бұл айналаңыздағыларға жағымсыз әсер сыйлайды. Аяғыңыздың бір-біріне тиіп кетпеуін де қамтамасыз етіңіз. Тиіп кеткен жағдайда қатты ауырады әрі құлап қалуыңыз да ғажап емес.
5. Адымдарыңыздың арасы ашық және дәл болсын. Аяқтарыңызды жерге сенімді қойыңыз. Өте үлкен адымдар жасаймын деп күлкіге қалып жүрмеңіз, арасы күнделікті адымдарыңыздан алыс болса болғаны.
6. Тек алдыңызға қарап, киіміңізе сәйкес түр жасауды ұмытпаңыз. Алдыңызда тұрған бір затқа көз алмай қараңыз. Көзбен күлімсіреуге тырысыңыз. Күле білетін жандарды барлығы да жақсы көреді. Иегіңіз көтеріңкі, көздеріңіз де жоғарыда орналасқан нүктеге қарауы тиіс. Жүріс кезінде басыңыз бен иықтарыңызды қозғалтпаңыз. Жаттығу барысында ырғақты музыканы қосып қоюыңызға болады және бұрылар кезде басыңыз ең соңынан бұрылуы тиіс.
7. Қобалжыған кезде жұдырығыңызды түйіп, қолыңызды дірілдетуге асықпаңыз. Бар болғаны қолдарыңызды екі жаныңызға жіберіп, бос ұстаңыз.
8. Өзіңізге ғана тән жүру мәнерін ойлап табыңыз. Адамның кім екенін жүрісіне қарап-ақ байқауға болады. Жүрісіңіздің өзіңізге жарасымдылығын эксперимент жасаудың арқасында ғана анықтай аласыз. Сол үшін жүру мәнеріңізді өзгертіп көрген сайын айналадағылардың көзқарасына мән беріңіз.
9. Бастысы өзіңізге сенімді болыңыз. Сенімсіздік пен өзін-өзі бағаламушылық көп нәрсені құртады. Сол себепті өзіне сенімді қыздан сұлу адам болмайтынын біле жүріңіз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: searchbe.me