Сананың дамуына өте қажет өнімдер

Адам санасының дамуы үдемелі үдеріс тауып жатқанымен, оның жылдам жұмыс істеу мүмкіндігіне біз де атсалысуымыз қажет. Айта кетсек, мидың өрісін дамытатын азықты күнделікті тұтынатын болсақ, оның репродуктивті қалпының сақталуына септігін тигізген боламыз. Ендеше бұл орайда қандай өнімдерді тұтыну керек екенін білгіңіз келсе, төмендегі ақпаратқа көз жүгіртіңіз.

Ананас

Ананас адамның есте сақтау қабілетінің көпке дейін тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Аталған цитрусты жемістің арқасында біз межеден көп ақпаратты сақтай аламыз. Сондықтан емтиханға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатсаңыз, ананас жеуді ұмытпаңыз. 

Сұлы жарма

Сұлы жарма қан айналымын реттеп, мидың жұмысын жылдамдатады. Сондай-ақ, басқа жармалар сынды В дәруменіне өте бай.

Авокадо

Авокадоның 40%-ы артық салмақ қосуға септігін тигізбейтін майдан тұрады. Сондықтан оны майлы екеніне қарамай тұтыну ми жасушаларының еркін тыныс алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, адам ағзасының иммунды жүйесін қатайтып, жүрек-тамыр ауруларынан, депрессия және стресстен қорғайды. Сондай-ақ, авокадо құрамында калий, натрий, фосфор, магний және кальций сияқты элементтер кездеседі. Сол себепті бұл өнімді сендвич немесе салаттарға қосып тұтынуды ұсынамыз. 

Өсімдік майы

Күнбағыс және зәйтүн майы ғана ерекше сұранысқа ие деп ойлайсыз ба? Расында грек жаңғағы, жүзім сүйегі, күнжіт, жүгері, кокос майлары да адам денсаулығына пайдалы. Олар ми жұмысына көмектесетін омега-3 және омега-6 май қышқылдарына өте бай. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетінің жақсаруына септігін тигізеді. 

Баялды

Баялдының қара пигменті ми жасушаларының мембранасын тұрақты дамуына қолдау білдіретін қуатты антиоксидант болып табылады. Оның құрамында мембрананың сыртқы қабатын құрайтын май қабаты бар. 

Сурет: www.depo.ua

Оқи отырыңыз: 

Инфаркт дертінің алдын алу жолы

Ғалымдар тұмаудың қалай жұғатынын анықтады

Есте сақтау қабілетін жақсартатын тағамдар

Кола сусынын мөлшерден тыс тұтыну қатерлі ісікке алып келеді