- Негізгі бет
- Денсаулық
- Салмақ тастай алмау,...
Салмақ тастай алмау, шаштың түсуі: сізді ойландыруы керек ағзадағы 6 өзгеріс
Көпшілік әйел өзінің әлсіздігін және көңіл күйінің болмауын "менде гормондармен проблема бар сияқты" деп түсіндіреді. Егер шынымен де гормондар бөлінуінде бұзылыс бар болса, оны анықтап, түзеу арқылы өмірді жақсарту керек. Гормонды тепе-теңсіздіктің негізгі белгілерін ұсынамыз.
Етеккір циклінің бұзылуы
Көпшілік әйелде етеккір циклі әдетте 21 күннен 35 күнге дейін созылады. Етеккір көп немесе өте аз келуі мүмкін. Сондай-ақ ол қатты ауырсынумен қатар жүруі мүмкін. Етеккірге қатысты кез келген өзгеріс - дәрігерге көрінуге себеп. Ол гормонды тепе-теңсіздікті білдіруі мүмкін.
Көңіл күйдің бірден өзгеруі
Ашуланшақтық, депрессиялық жағдай, шаршай беру - мұның барлығы эндокринді жүйе жұмысының бұзылуының себебі болуы мүмкін.
Салмақпен проблема
Пролактин гормонының көп бөлінуі, бүйрек үсті безі аурулары, қалқанша без жұмысының төмендеуі, зат алмасу проблемалары "кетпейтін" артық салмаққа әкеледі. Алайда науқас бірден арықтап кетсе де және салмақ қоса алмаса, бұл қалқанша бездің артық қызмет атқаруын немесе қант диабетін білдіруі мүмкін.
Бала көтере алмау
Барлық эндокринді жүйе адамның репродуктивті функциясына жауап береді. Сондықтан бала көтере алмай жүргенде эндокринді бұзылыс бар ма, жоқ па анықтау керек.
Шаштың түсуі немесе денедегі түктің көбейіп кетуі
Бетке, омырау тұсына түктің шығуы гормонды жүйе бұзылысын көрсетуі мүмкін. Сондай-ақ шаш қатты түсуі немесе бетке, денеге бөртпе шығуы мүмкін.
Либидоның төмендеуі
Либидоны объективті түрде өлшей алмаймыз. Себебі ол психогенді факторларға тәуелді. Алайда жыныстық гормондар жұмысының бұзылуы және эндокринді патологиялар либидоның төмендеуіне әкеледі.
Ескерту: өздігінен емделуге болмайды. Диагнозды тек дәрігер қоя алады.
А. Жапатова