Сағыздың пайдасы мен зияны

Сағыздың пайдасы мен зияны
Фото: foodandmood

1848 жылы америкалық кәсіпкер Джон Кертис өз өнертабысы бойынша сағыз өндіруді бастады. Ал ХІХ  ғасырдың аяғында алғаш рет сағыз пайда болды, оны "тіс жегісінің алдын алады" деп жарнамалады. Қазіргі уақытта жарнамалар тұтынушыларды сағыздың тіс жегісінен қорғайтынына және тіс қағын кетіретініне сендіреді. Дегенмен, бұл мәселеде сарапшылардың өзіндік пікірі бар. Назарыңызға сағыздың пайдасы мен зиянын ұсынамыз.

Ph-баланс және кариес

Көптеген сағыз өндірушілер бұл Ph балансын қалыпқа келтіреді деп мәлімдейді. Шайнау кезінде алғашқы 2-3 минутта сілекей бездері белсендіріледі, оларда ауыз қуысының күйін теңестіретін көптеген жүйелер бар.

Аузыңыздағы қышқыл балансы сіз тұтынған тағамға байланысты қысқа уақытқа өзгеруі мүмкін. Бірақ сау ағзаның өзі Ph-теңгерімін қалыпқа келтіруге қабілетті. Сағызды  тоқтаусыз, соның ішінде түнде шайнаған кезде ғана әсер етуі мүмкін. Сағыздың Ph-балансқа әсері туралы барлық мәлімдемелер тек пиар.

Сондай-ақ, сағыз өндірушілер сағыз ауыздағы қышқылдық деңгейін төмендетеді және осылайша тістерді кариестерден сақтайды дейді. Бұл да жарнама саналады.

"Қантсыз"

Өндірушілер ксилит ("қантсыз") сағызды тістер үшін пайдалы деп жарнамалайды. Бұл сағызда микроорганизмдердің өсуін ынталандыратын қант жоқ. Олардың белсенділігіне байланысты сүт қышқылы шығарылады, ол тіс эмальын бұзады. Сондықтан ксилит қосылған сағыздың да пайдасы жоқ.

Сағыз аштық сезімін түсіріп, салмақ жоғалтуға ықпал етеді деген пікір бар.

Шынында да, кейде асқазанды алдау үшін сағыз шайнауға болады. Бірақ асқазан-ішек жолдарының проблемалары бар адамдар үшін мұны істеуге қатаң тыйым салынады.

Сағыз құрамы

Сағыздың негізгі кемшілігі – оның құрамы.

Сағыздың барлық дерлік ингредиенттері табиғи жолмен емес, химиялық жолмен алынады. Сағыздың негізі латекс болып табылады. Бұл мәселе бойынша толыққанды зерттеулер жүргізілмегенімен, ол денеге көп зиян келтірмейді деп саналады.

Сағыз жасау үшін пайдаланылатын дәмдер табиғи немесе табиғиға ұқсас. Олар, әдетте, химиялық жолмен (синтез арқылы) алынатынына байланысты зиянды болуы мүмкін. Бірақ, жалпы алғанда, санитарлық нормалар бұған мүмкіндік береді.

Өндірушілер әр сағызға дерлік бояғыштарды қосады. Қаптамада жиі кездесетін E171 бұған дейін көп елде тыйым салынған болатын. Бұл бояу "титан ағы" деп те аталады. Қазіргі уақытта оларды тамақ өнімдерінде қолдануға рұқсат етілген. Бірақ мұндай бояу бауыр мен бүйрек ауруын тудыруы мүмкін екенін есте сақтаңыз.

Зияны

• Тіс дәрігерлері кейде сағыздың пайдасыз ғана емес, сонымен бірге зиянды екенін атап көрсетеді. Кейбір адамдарда шайнау бұлшықеттері шамадан тыс дамыған, соның салдарынан тіс эмальының тозуы күшейеді және оларға сағыз шайнау ұсынылмайды;

• Сондай-ақ, егер сіз пародонт ауруымен ауыратын болсаңыз, тістеріңіздің қозғалғыштығында проблемалар болса, стоматологиялық конструкцияларды қолдансаңыз, сағызды мүлдем қолданбауыңыз керек, өйткені сағыз тіс жегісінің пайда болуына ықпал етеді;

• Сағыз асқазан-ішек жолдарының проблемалары бар адамдар шайнауға болмайды. Асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді. Мұның салдарынан асқазанда гастрит, ойық жара пайда болады;

• Сағыз құрамындағы хлорофилл (Е140) және бутилгидрокситолол (Е321) ментолмен бірге аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін. Кейбір сағызға қосылатын мия қан қысымын арттырады және қандағы калий мөлшерін азайтады;

• Үнемі сағыз шайнайтын адамдарда сілекей бөлінуі күшейеді. Ұзақ шайнау сілекей бездерін жүктейді, оларды үнемі жұмыс істейді. Мұның салдары, адам шайнауды тоқтатқанда да, сілекей бөлінуін жалғастырады, түкіруге құштарлық пайда болады. Бұл, әрине, өте жағымсыз әдет.

Пайдасы

• Ғалымдар сағыздың пайдасы мен зиянын зерттеп келеді. Жапонияның радиология институтының зерттеушілері сағыздың зейін мен сезімталдықты 10 пайызға арттыратынын айтады.

Олар мұны сағызды шайнау процесі мидың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартып, оның кейбір бөліктерінің белсенділігін арттыратынымен түсіндіреді;

• Ғалымдар сағыздың пайдалы қасиеттерін арнайы эксперимент барысында анықтады. Олар волонтерлерге жылдам реакция мен мидың шоғырлануын талап ететін тапсырмалар берді. Сонымен бірге тапсырмаларды орындау барысында қатысушылардың жартысы сағыз шайнаса, екіншісі жартысы шайнаған жоқ. Бұл ретте ғалымдар сағыздың ағзаға қалай әсер ететінін білу үшін еріктілердің миын сканерден өткізген.

Нәтижесінде сағыз шайнамаған еріктілерге тапсырманы орындау үшін 545 миллисекунд қажет болды, ал сағызы бар еріктілер тапсырманы 493 миллисекундта орындаған;

• Әрине, осындай жағдайларда сағыз пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, көлікте жүрек айнығанда сағыз шайнасаңыз, жүрек айнуы басылады. Сондай-ақ, ұшақпен саяхаттау кезінде сағыз шайнау міндетті болып табылады. Сағыз шайнау және нәтижесінде сілекейді жұту құлақтың бітелуіне көмектеседі;

Дәрігерлер сағызды мүлдем шайнауға болмайды деп айтпайды. Мысалы, ауызды аздап тазарту және тыныс алуды жақсарту үшін тамақтан кейін оны шайнау өте пайдалы. Бірақ оның ұзақтығы 15-20 минуттан аспау керек.

Т. Раушанұлы