Садху тақтасы — адамның ішкі жағдайының жақсаруына, эмоциясы арқылы өкпе-реніштен арылуына көмектесетін шеге тізілген ағаш тақтайша. Процестен соң өз эмоциясын бөлісіп, әлеуметтік желіге жүктейтін жандар жетерлік. Алғаш көргенде "қауіпті емес пе?" деген сұрақ ойға келеді.
Шеге — аяққа арналған ең күшті массаж
Шеге терапиясы адамның энергетикалық каналдарын тазартады. Депрессиядан арылуға, стресске төзімділікке көмектеседі. Ол денедегі барлық шектеу мен кедергілерді, қысылған жүйке жүйесін босатады. Ми мен психикалық жүйеге де әсер етеді. Алғаш қадам басқаныңызда күрделі процесс жүре бастайды. Өміріңізде болған өкпе-ренішті, қиналған сәтіңізді есіңізге аласыз. Бұл —аяққа арналған ең күшті массаж. Шегеден аяқты алған соң арнайы маман массаж жасайды, нәтижесінде аяғыңыздың ауырғаны қояды. Ескертетін жағдай садху тақтасына аяқ баспай жатып, маманмен арнайы жаттығу жасаған жөн. Шеге терапиясында жүкті әйелдерге, қан қысымы өте жоғары және төмен адамдарға тұруға болмайды.
Шеге терапиясы — 100% көмектесетін құрал
Жәнібек Мақаш: Шеге терапиясы психологиялық, рухани және физикалық жағынан өте пайдалы. Қазір көптеген адам қиналып, депрессияға, стресске ұшырап жүр. Қазақтың сөзінен мысал ететін болсақ, "сыртың бүтін, ішің түтін". Жетістікке жеткің келсе, ішкі жағдайың өте маңызды. Қазақ менталитеті керемет, бірақ көп дүниені іште сақтағанды жөн санайды. Осылайша қарызға батады, ажырасады, ауырады. Эмоцияны шығару керек. Ал оған шеге терапиясы көмектеседі. Іштегі өкінішті, уайымды сейілтіп, өмірге көзқарасты өзгертеді.
Шегеге тұруда арнайы мақсатыңыз болуы керек
Ешқандай ниетсіз нәтиже болмайтыны белгілі. Мамандардың айтуынша шеге терапиясымен тұрақты айналысып жүрген адам күйзеліске ұшырамайды. Шексіз өмір сүруді қаласаңыз, шеге терапиясына баруды ұсынамыз!
дереккөз: balbal.kz