Қазіргі таңда жұмысымыздың көп бөлігін компьютердің көмегімен атқаруға тура келеді. Ал оның көзімізге, жалпы денсаулығымызға зиянды тұстарын айтпай-ақ білесіздер. Сондықтан дәрігер мамандар көзімізді қорғау үшін сәбіз шырынын ішуге кеңес береді. Ол адамның оптикалық жүйесін жақсартады. Оның құрамындағы пайдалы элементтер қанайналымды да қалыпқа келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар жүрек-қан тамыр аурулары, бүйрек, бауыр ауруларына шалдыққан кезде өте пайдалы. Оны асқазан сөлінің қышқылдығын төмендету үшін де тұтынады. Күніне бір рет 100 мл-ден қабылдаңыз. Оған сүт немесе қаймақ қосып ішуге болады.
Жөтел кезінде.
Сәбіз шырыны мен сүтті бірдей көлемде стақанға құйып, күніне бірнеше рет ішіңіз. Сүттің орнына майлы кілегей қоссаңыз да болады. Шамамен 100 мл шырынға 1 ас қасығы жеткілікті.
Созылмалы демікпеге шалдықсаңыз.
Күніне 4-6 рет 1:1:0,2 пропорцияда шырын қоспасын қайнаған сүтпен және балмен араластырып ішіңіз. Бұл қоспаны міндетті түрде жылы күйінде тұтынуыңыз керек.
Ауыз қуысының ауруларына, ангинаға ұшырасаңыз тамағыңызды сәбіз шырынымен шайыңыз.
Сәбіз, қызылша, қияр шырынының қосындысы арқылы бауырыңызды әртүрлі аурудан қорғай алысыз. Оны өт қабына тас байланған кезде де тұтыныңыз.
Сәбіз сусынын күніне 1-2 литр ішіп тұрсаңыз, денсаулығыңызды түрлі аурудан аман алып қаласыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік, достар!