- Негізгі бет
- Денсаулық
- Сәбіз шырыны қатерлі...
Сәбіз шырыны қатерлі ісіктің алдын алады
Сәбіз шырынының пайдалы сусын екенін бұған дейін де айтқан болатынбыз. Оның құрамында А, В, С, D, Е және К дәрумендері көптеп кездеседі. Сонымен қатар магний, фосфор, темір, күкірт, кремний секілді пайдалы элементтер бар. Сәбіз шырынын қазіргі таңда қатерлі ісікке қарсы пайдаланады. Бүгін біз сіздерге осы шырын арқылы айықпас аурудан аман қалған адам туралы айтқымыз келіп отыр.
Энн Камерон - балаларға арнап талай кітап жазған жазушы. Жолдасы 2005 жылы осы аурудан қаза табады. Ол кезде оның дертіне ешқандай дәрі дауа бола алмаған. 2012 жылы Энн Камеронның өзі қатерлі ісікке шалдығып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылса да, дәрі-дәрмек қабылдаудан бас тартады. Алайда қатерлі ісік туралы толассыз ізденісте жүріп, Ральф Кор есімді 26 жастағы жігіттің тарихымен танысады. Ол тері обырымен ауырған. Ральф өзінің жазбаларында бұл ауруға сәбіз шырыны көмектесетінін көрсеткен. Содан бастап Энн күн сайын сәбіз шырынын ішуді жөн көреді. Жеті айдан кейін аурудың бетін қайтарып, төрт айдан соң денсаулығы жақсара бастайды. Ал сегіз айдан кейінгі медициналық тексеріс қатерлі ісіктің мүлде жоқ екенін айтады.
Мұндай оқиғалар тек біреу ғана емес. Медицина дамыған заман болса да, дәрігер мамандар сәбіз шырынының пайдасы мол екенін жоққа шығармайды. Ол сіздің иммунитетіңізді қатайтып, денсаулығыңызды жақсартады. Сәбіз шырынын ішіңіз.
Ұқсас жазбалар:
Тері, шаш және денсаулыққа арналған сәбіздің 14 керемет қасиеті
Ж. Исакаев