Сәбіз – көптеген дәрумені, минералы, микроэлементі бар ең пайдалы көкөністердің бірі. Көпшілігі оның пайдалы қасиеттерін бағаламайды. Мысалы, сәбіздегі А дәрумені көру қабілетін ешқандай дәрі-дәрмексіз жақсарта алады. Бұл өнім тері жақсаруына да пайдалы.
Сәбіз қандай ауруларға ем?
♦ Жүрек-қан тамыры ауруы барлар сәбізді көп тұтынғаны жөн. Сәбіз құрамындағы целлюлозаның арқасында қан тамырларын артық холестериннен тазартады. Егер шикі сәбізді күн сайын тұтынса, адам атеросклероздан және жүрек-қан тамырлары жүйесінің басқа ауруларынан қорғана алады.
♦ Дәрігерлер барлық әйелге сәбізді пісіріп, бұқытырып, қуырып, шикілей де жеуге кеңес береді, өйткені бұл көкөніс қатерлі ісіктің алдын алу үшін таптырмайтын ем. Сәбізде А дәрумені басқа өнімдерге қарағанда көбірек. Әйелдердегі онкологияның кең тараған түрі – А дәрумені жетіспеуінен туындаған сүт безі қатерлі ісігі.
♦ Сәбізді ер адамдар да жеуі керек, өйткені ондағы пайдалы заттар ерлердің ұрпақ көбейтуіне оң әсер етеді.
♦ Тісі ауыратын адам сәбізді жиі жегені жөн. Бұл көкөніс тіс эмалін нығайтады, ауыз қуысын паразиттерден тазартады, қызылиек қанауын тоқтатады. Сондықтан дәрігерлер балаларға да, ересектерге де шикі сәбізді жеуге кеңес береді.
♦ Сәбіз миға да пайдалы. Сәбізді үнемі жейтін адамда есте сақтау тұрғысынан мәселе болмайды.
♦ Сәбізді мүмкіндігінше шикі күйінде жеген жөн. Себебі, оны пісіргенде құрамындағы бірқатар пайдалы элементтер жойылып кетеді.
Ескерту, сәбізді асқазанда ойық жарасы бар адамдар аз жегені жөн.