- Негізгі бет
- Денсаулық
- Сәбіз ағзадағы тасты...
Сәбіз ағзадағы тасты "алады"
Сәбіз адамзат баласына б.ғ.д. 2 мың жыл бұрын белгілі болған. Римдіктер оны дәмді тағам ретінде пайдаланған. Кейін бұл көкөністің ағзаны қуаттандыратын қасиеті белгілі болды. Сәбіздің басқа да пайдалы тұсын біле жүріңіздер.
Сәбіз авитоминозды (тағамда дәруменнің жетіспеуінен болатын ауру) жояды, ағзаның тұмауға қарсы тұруын күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Шикі сәбіз қанның қызыл түйіршіктері (эритроцит) мен гемоблобиннің түзілуіне қатысады.
Сәбіздің сары өзегі жүрек бұлшық етінің шаршағанын басады, шырынын жүрек инфарктінде ішуге белгілейді. Сәбіздің тор көздемшелері адам бойында холестериннің шапшаң бөлінуіне мүмкіндік жасайды.
Сәбізді оттегі және ағзадағы тасқа қарсы пайдаланады. Дәрігерлер сәбіз шырынын жүкті әйелдерге, ой еңбегімен шұғылданатын адамдарға ішуге кеңес береді.
Халық медицинасында сәбізді бұрыннан ішек құртына қарсы, қан аздыққа, әлсіреуге, ішек-қарын қызметінің бұзылуына, құрт ауруының (туберкулез) алғашқы кезеңдерінде, белсіздікке қарсы ішу ұсынылады. Осы мақсатта сәбізді сүтке қайнатып та жейді.
Г. Берік