Кішкентай сәбилер өз ата-аналарының ойын оқи алады. Мұны Қытайдың, Эквадордың және Фиджидің ғалымдары анықтапты. Бұл туралы Raut.ru сайты хабарлайды.
Бұл үшін олар арнайы зерттеу жүргізген. Зерттеуге қатысушы адам қайшыға ұқсас затты бөлмене кіріп, қояды. Бұдан кейін екінші адам бөлмеге кіріп, қайшыны қалтасына салады. Осы кезде балаға «Қалай ойлайсыз, қайшы қайда?» деп сұрақ қояды. Мұның бәрі де видеобақылауға алынған. Сұрақ қойылған кезде кішкентай балақай қайшы қойылған жерге қарап, ымдайды екен.
Осыдан-ақ бүлдіршіндердің ерте бастан ойын жинақтап, тұжырым жасай алатыны белгілі болады. Қандай мәдениетте болмасын, баланың 1,5 жасар кезінде дәл осындай, ойды оқып қою қасиеті көрінеді.
Ал бұған дейін мұндай қасиет 4 және 7 жас аралығында ғана қалыптасады деп келінген еді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: imena21.ru