- Негізгі бет
- Денсаулық
- Сәбидің тісі тез...
Сәбидің тісі тез шығу үшін
Сәби алғашқы тістері шыққанда мазасызданады. Ыстығы көтеріліп, жүрегі айнып, тамаққа тәбеті тартпайды. Негізінен ағзасындағы өзгерістердің орын алуынан болатын бұл аурулар қалыпты жағдай саналады.
Жас баланың тісі тезірек шығу үшін халықтық емнің сан түрі бар. Назарларыңызға соның ішіндегі ең танымалдарын ұсынамыз.
- Тіс тез әрі оңай жарып шығу үшін тістейтін жұмсақ затты тоңазытқышқа салып мұздатып беру және қолды тазалап жуып, саусақпен қызыл иекке массаж жасайды.
- Таза дәкені салқын суға малып, суын сығыңқырап берсе тістің шығуы жеңілдейді.
- Тістің жаруы жеңіл болуы үшін шай немесе ас қасықты тоңазытқышқа салып салқын күйінде тістеуге беруге болады.
- Қызыл иекке бал жағып тұрған да пайдалы.
- Қызыл иектің ауырғанын басу үшін салқын нанды немесе бананды тістетіңіз.
- Күннің көзінде көбірек жүрген сәбидің тістері жеңіл жарып шығады.
- Құрамында «Д» дәрумені мен кальциі көп тағамдарды беріңіз.
- Ауыз қуысынан бөлінген сілекейді таза сүлгімен сүртіп, жиі емізу керек.
- Қыста немесе көктемде тіс жеңіл, әрі тез шығады.
- Тіс шыққанда сәбиді суықтатып алмаңыз. Бүлдіршін жөтеліп ауыратын болса, тістің шығуы ұзаққа созылады.
Н. Үсенова