- Негізгі бет
- Денсаулық
- С гепатитінің қаупі...
С гепатитінің қаупі қандай және оны қалай білуге болады?
Осы өлім деңгейіне дейін асқынатын қауіпті инфекциядан 90 пайыз науқас сауыға алады. Бастысы – емделетін уақытты өткізіп алмау керек.
С гепатиті – ең қу аурудың бірі. Оны бекерге “тілсіз жау” деп атамайды. Көбіне адамдар жылдап, тіпті, ондаған жылдар бойы гепатитпен ауыратыны білмейді. Ал оның белгілері пайда бола бастағанда, емдеу кеш болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша С гепатитінен әлем бойынша 70 миллионнан астам адам зардап шегеді. Жыл сайын 400 мыңнан астам адам осы инфекциядан және онымен байланысты асқынулардан қайтыс болады.
С гепатиті және оның қауіптілігі неде?
С гепатиті – бауырдың қабынуы, С тобы вирусы, гепато-инфекцияларының бірі. Басқа топтық вирустар да бар, бірақ олар С гепатиті сияқты бауырды білдірмей “уламайды”.
Көп жағдайда С вирусы қан арқылы беріледі. Бұдан бөлек, ауруды күнделікті тұрмыстық жағдайда жұғады. Мысалы, сізден бұрын ауруы бар адам пайдаланылып, зарарсыздандырылмаса маникюр, татуировка жасайтын құралдардан, стоматологиялық және хирургиялық құралдардан да қауіп бар.
Адам ағзасында өзгерістер болып жатқанын еш сезбейді. Вирус бауырда баяу түрде жаулап ала бастайды. Міне, сондықтан Гепатит С-ның созылмалы түрімен ауыратындардың 50 пайызы өзінде осындай ауру бар екенін де білмейді. Осы уақытта вирус жайылып, дами береді. С гепатиті бауыр қатерлі ісігінің басты себепшісі.
Америкалық ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы С гепатитімен ауыратын адамдарда:
• бауыр функциясының созылмалы бұзылуының дамуы - 60-70 пайыз;
• бауыр циррозы (зақымданудан 20-30 жылдан кейін)
• бауыр жеткіліксіздігінің жоғарылауы, қауіп – 3-6 пайыз
• бауыр қатерлі ісігі, қауіп – 1-5 пайыз.
• Кейбір жағымды жайттар да бар: пациенттердің шамамен 15-25% -ы өздігінен ем емделеді. Кейде вирустық инфекцияны тіпті науқас сезбейді де. Дәрігерлер мұндайды: “кенеттен тазару” деп атайды, ал себептері белгісіз.
С гепатиті қалай анықталады?
Аурудың екі кезеңі бар: жедел және созылмалы. Біріншісі вирус жұққаннан кейін 1 айдан 6 айға дейін және 2-ден 12 аптаға дейін созылады. Осы уақыт ішінде вирус өз белгілерін сездіре бастайды. Кейбір науқастарда ауру белгілері мүлдем байқалмайды. Кейбір белгілері болады. Бірақ, науқас оны әдеттегі тұмау немесе шаршау деп есептеуі мүмкін.
С гепатитінің жедел кезеңін қалай анықтауға болады?
Ең жиі кездесетін белгілері:
• Асқазанның төмен жағының ауруы, әдетте оң қабырға астының ауруы;
• кіші дәреттің сарғаюы;
• Жиі шаршап қалу;
• Үнемі жүректің айнуы, кейде құсу;
• Тәбеттің жоғалуы. Көп жағдайда аз мөлшерде тамақтанғаннан кейін азқазан толып қалған сияқты сезілу;
• Бұлшық еттердің, буынның тұмау кезіндегідей сырқырап ауруы;
• Дене қызуының көтерілуі;
• Тері мен көз ағының аздап сарғаюы;
Жоғарыда аталған барлық белгілер бір уақытта бола бермейді. Сонымен қатар, оларды бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Егер бұл кезең басқа аурулармен қатар келсе, науқас С гепатитін сезбей де қалады. Содан кейін жедел кезең аяқталады және келесі – созылмалы кезең басталады.
Созылмалы С гепатитін қалай анықтауға болады?
Созылмалы кезең бірнеше жылдарға, тіпті ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Осы кезеңде С гепатитін тану жедел кезеңге қарағанда қиынырақ.
Жоғарыда көрсетілген белгілерден басқа бірнеше белгілер пайда болады:
• Денеде оңай көгерулер пайда бола бастайды. Қанның ұю факторлары бауырда пайда болады. Егер бауыр қызметі бұзылса қанның ұюы нашарлайды.
• Қышу және бөртпе. Бұл дененің кез-келген бөлігінде байқалады, бірақ көбінесе иықтарда, кеуде аймағында, қолдарда кездеседі
• Аяқтың жиі ісіп кетуі
• Себепсізден арықтау
• Өрмекші ангиомасы. Бұл тері астында пайда болатын және өрмекші торы тәрізді таралған қан тамырларыны қалыптасуының атауы.
Егер сіз осы белгілердің кем дегенде екі-үшеуін өзіңізде байқаған болсаңыз, медициналық тексеруден өтіп қойсаңыз зиян болмайды.
“С гепатитімен ауырамын-ау” деп ойлаған жағдайда істеу керек?
Ең алдымен, сіз терапевтке көрінуіңіз қажет. Ол сіздің шағымдарыңызды тыңдап, қажет болған жағдайда бірнеше тексерістен өткізеді. Дәрігер қан анализін және "бауыр сынақтары" деп аталатын гепатит вирусына қарсы белгілерді анықтау үшін іштің ультракүлгін зерттеуін жүргізеді. Егер күдік расталса, терапевт сізге гепатитті емдейтін дәрігер-инфекционист немесе гепатологқа жібереді.
Бастысы, С гепатитін емдеудің мүмкіндігі бар
Науқастардың 90% -ы бірнеше айлық дәрі-дәрмектерден кейін сауығып кетеді. Есте сақтаңыз: емдеудің тиімді әдісін тек дәрігер анықтай алады. Гепатит С вирусының бірнеше генотиптері бар, олардың әрқайсысына жеке ем қажет.
С гепатитін анықтау үшін кімдер сынақ тапсыруы қажет?
• бейтаныс адамдардың қаны және инемен тікелей байланысы бар медициналық мекемеде жұмыс істеу;
• тұрақсыз жыныстық қатынас өмірі;
• Денеңізге татировка жасатқан болсаңыз;
• тазалығы нашар салондарда маникюр немесе педикюр қызметін қолданған болсаңыз;
• қан құйған болса;
• Жұбайыңыз гепатитпен ауыратын болса;
• Анаңыз гепатитпен ауырған болса;
• түрмеде отырған болсаңыз;
С гепатитін жұқтырып алмау үшін не істеу керек?
Инфекция негізінен қан арқылы жұғады. Кейде жыныстық жолмен де, кейде анадан балаға берілуі мүмкін. Бірақ бұлар өте сирек кездесетін жағдай.
С Гепатиті мынадай жолдармен жұқпайды:
• Тамақ, су, ананың сүті арқылы;
• әңгімелесу, құшақтасу, амандасу, сүйісу, бір ыдыстан тамақтану арқылы;
• шыбын, маса сынды жәндіктер арқылы.
Тағы бір рет ескертеміз: С гепатиті – емделетін ауру. Бірақ, ең дұрысы – оны жұқтырып алмау. Мұқият болыңыз һәм күнделікті тазалық нормаларын сақтаңыз.