Кейбір әлеуметтік желілерде пайдаланушылар COVID-19-ға қарсы ревакцинациядан өтпеуге шақыруда. Олардың пікірінше, бустерлік вакцина алғандардың барлығы SARS-CoV-2 коронавирусының омикрон нұсқасын жұқтырады. Бұл мәлімдеме толығымен негізсіз және ғылыми мәліметтерге қайшы келеді. Бұл туралы Stopfake.kz жазды.
COVID-19-ға қарсы ревакцинация, қазіргі мәліметтерге сәйкес, омикрон нұсқасын жұқтыруға ықпал етпейді, керісінше одан және аурудың ауыр ағымынан қорғайды.
АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) зерттеуіне сәйкес, Pfizer-BioNtech және Moderna вакциналарының бустерлік дозалары дертке шалдығу салдарынан ауруханаға жатқызбауда 90% тиімді және жағдайлардың 82%-нда аурудың ауыр түрінің дамуына жол бермейді.
CDC мәліметтері бойынша, 50 жастан асқан егілмеген адамдар үшін COVID-19 жұқтырған жағдайда ауруханаға жатқызу ықтималдығы вакцинацияланған және ревакцинацияланған адамдарға қарағанда 45 есе жоғары.
Pfizer және BioNTech компаниялары 2021 жылғы желтоқсан айында жүргізген зертханалық зерттеулерде вакцинаның бустерлік дозасы омикрон нұсқасын жұқтырудың ауыр түрімен аурудың, ауруханаға жатқызу мен ауру салдарынан болатын өлімді болдырмауда аса тиімді екендігі көрсетілген.
Ревакцинацияланған адамдар омикрон нұсқасын жұқтыратынын растайтын дәлелдер жоқ.
Демек, бұл туралы ақпарат толығымен негізсіз және зерттеу нәтижелеріне қайшы келеді.