Әдетте, рентгенге жылына бір рет түсу керек деп жатады. Одан артық түсуге болмайды деседі. Бірақ ауырған адамның диагнозын анықтай алмай жатқанда, міндетті түрде рентгенге түсіреді. Тіпті, тістің келбетін анықтау үшін де түсу керек. Жылына бір рет емес, төрт-бес рет түсіп кететін кездері болады. Мұндайда қайтпек керек?
Мамандардың бұған айтар жауабы мынау: ең дұрысы мүлде рентгенге түспеу керек, ал бірақ дәрігер түс деген екен, онда бірнеше рет түсудің еш әбестігі жоқ.
Мәселе мынада. Қазіргі медицинада бұрынғыдай рентгенге көп түсіре бермейді, ауру мен диагнозы анықтаудың басқа да заманауи әдістері бар. Технология дамып келеді. Тек ол технологиялармен анықтай алмайтын жағдай болғанда ғана рентгенге түсуге тура келеді.
Рентген сәулесі дегеніміз – өте қуатты, иондалған сәулені денеге шашу, жіберу әдісі. Қуатты сәуле денені тесіп өтіп, бүкіл ішкі ағзаны айнадай етіп көрсетеді. Рентген сәулесі – бұл кәдімгі күн сәулесі, радиациялық сәуле. Күннің астында көп жүріп қалсаң да, осы рентген сәулесіне тап боласың. Бірақ рентген сәулесі дәл күн сәулесіндей қуатты, зиян емес.
Медицина "жылына рентгенге қанша рет түскен дұрыс?" деген сұрақ былай деп жауап береді: рентгенге қанша рет түскен маңызды емес, мәселенің бәрі шашылған сәуленің қуатында. Мәселен, тіске рентген жасауға көп радиация кетпейді, мүның еш зияндығы жоқ. Ал миға томография мен рентгеноскопия жасауға модицикацияланған рентген сәулесі қолданылады, бұл енді біршама зиян. Бұған өкпеге жасалатын рентгенді де қосуға болады.
Ал медицинада қолданылатын жалпы рентген сәулесін алып қарасақ, дәрігерлердің айтуынша, зиян мүлде жоқ, бар болғанның өзінде өте аз. Рентген сәулесінің ағзаға тигізер зияны мынау: ағза жасушасына сәуленің кесірінен радикалдар еніп кетеді де, жасушаны мутацияға ұшыратады. Қатерлі ісік осы мутацияланған жасушадан шығады.
Ал медицинада қолданылатын рентген сәулесінің мұндай радикалдар туғызуға әлі жетпейді.