Саусақтарыңызға үңіліп қарасаңыз, не көресіз? Саусақ іздері, буындағы бедерлер, бала кезімізден қалып кеткен жараның орны... тағы не болуы мүмкін? Ал рефлексологтар бионүктелерді көреді. Зерттеулерге қарағанда саусақтарды дұрыс массаждау ағза мен көңіл-күйді басқаруға көмектеседі екен. Бас бармақБас бармақ сіздің дұрыс шешім қабылдаудағы сенімді серігіңіз бола алады. Ол адамды бас ауруынан арылта алады. Көңіл-күйіңіз дұрыс болмай басыңыз ауырып тұрса, бас бармағыңызды 5 минут қысып тұрыңыз. Рефлексологтардың айтуынша, бұл бас ауруынан құтылуға көмектеседі екен. Сұқ саусақБұл саусақ буындағы аурулары мен қорқу сезімдерін басқарады. Минесота Университеті мамандарының зерттеуінше, буын ауруларынан зардап шегетіндердің рефлексотерапия сеанстарынан кейін жағдайы жақсарған. Сұқ саусағыңызды 5 минут қысу сізге буындағы аурулардан уақытша болса да құтылуға көмектеседі. Ортан терекЕгер өзіңізді әдеттегіден тыс шаршағандай сезінсеңіз немесе көп ашулана бастасаңыз ортан теректі қысып ұстап тұрыңыз. Зерттеулер мұндай жаттығулар қан қысымын төмендетіп, адамды тыныштандыратынын дәлелдеген. Аты жоқ саусақЭмоциялар мен қайғыдан аты жоқ саусаққа массаж жасау арқылы құтылуға болады. Жаттығу кезінде өз-өзіңізді тыныштандырып, тыныс алуыңызды реттеңіз. ШынашақКіші саусаққа жаттығу жасау адамның өзіне деген сенімі мен жүйке жүйесін реттеуге көмектеседі. Бұдан басқа миыңыздағы керексіз ойлар мен мәселелерден арылуға өз септігін тигізеді. АлақанАлақаныңызды саусақтарыңызбен уқалаңыз. Жаттығу кезінде терең тыныс алыңыз. Рефлексология ғылымында алақан сезімдердің орталығы болып есептеледі. Зерттеу нәтижесі алақанды күнделікті уқалап отырған адамдардың көңіл-күйі жақсарып, жүрек айну, диарея, депрессия сынды аурулардан құтылғанын көрсеткен.