Көктем басталысымен өсімдік тозаңынан туындайтын аллергия өршіп кететіні бар. Поллиноз дертін түбегейлі жою мүмкін емес әрі тұқым қуалайды. Тек оның алдын алып, ушықтырып алмау үшін жұмыстануға болады. Поллинозбен күресудің қандай жолдары бар?
1. Гаджеттер көмектеседі:
Далада серуен құрып, күн шуағына шомылудың орнына үйден шықпай, шыға қалсаңыз мазасыздықпен уақытыңызды дұрыс өткізе алмайтын сәттер болады. Бұның бәрі ауада тараған өсімдік тозаңынан туындайды. Кейде аллергияның өршіп кететіні сонша, қышыма мен терінің қызаруына себеп болады. Өзіңіздің смартфоныңызға «Пыльца Club» атты бағдарламаны орнатып алыңыз. Бұл ауадағы аллергендердің мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
2. «Қаруды» дайындаңыз:
Тозаң денедегі антиденені қоздырады. Ол өз кезегінде гистамин атты нейромедиатордың жұмысын күшейтеді. Нәтижесінде бәрімізге байқалатын белгілер туады: қызу, бөртпе, қызару мен мұрыннан су ағу. Сол үшін мұрынға арналға флутиказон спрейін, тері қабынуларына арналған жақпамайларды алдын ала сатып алып қойыңыз және өзіңізбен бірге алып жүруді ұмытпаңыз.
3. Тазалықпен жаныңызға серік етіңіз:
Даладан келе салысымен киімдерді бірден кір жуатын машинаға салып, жуып алыңыз. Төсекке жатпастан бұрын жуынуды ұмытпаңыз. Бөлмеде жиі тазалау жұмыстарың жүргізіңіз. Өйткені, тозаң даладан үйге киім, тері арқылы өтеді.
Одан бөлек, диета ұстанғаныңыз абзал. Егер өсімдік тозаңына аллергияңыз болса, жеміс, көкөністерді белгілі бір мөлшерде қолданыңыз.