Пияз жеуді әдетке айналдырған жақсы. Әсіресе, қандағы қантты азайтуға көмектеседі. Осылай дейді АҚШ ғалымдары.
Олардың айтуынша, кәдімгі қолжетімді көкөністердің бірі – пияздың қандағы қантты азайтуға келгенде пайдасы көп. Қанда глюкоза көбейіп кетсе, адам диабетке шалдығуы мүмкін. Инсулин гормоны дұрыс бөлінбей, ағзада ақау болады. Міне, пияз (сарымсақ) осының бәрінің алдын алады. Қандағы қантты азайтады.
Зерттеулерге сенсек, пияз жеуді әдетке айналдырған жағдайда адам қанындағы қанттың мөлшері 50 пайыздан 30 пайызға дейін азаятын көрінеді.
Тағы бір айта кетерлігі, пияз қандағы холестеринді де азайтуға көмектеседі екен. Өйткені қант азайғасын сонымен бірге холестериннің де деңгейі түсетін көрінеді.
Бірақ әзірше ғалымдар пияздың қандағы қантты неге және қалай азайтатынын білмейді. Тек эксперимент жүргізу арқылы ғана қантты азайтуға ықпал ететініне көзі жеткен. Сондықтан әлі зерттеуді жалғастырмақ.