Артық салмақтың адамзат үшін күрделі мәселеге айналғаны белгілі. Осы ретте зерттеу жүргізген америкалық LabDoor басылымының тілшілері қызық тұжырым жасады.
Олардың айтуынша, пиццаны қағаз майлықпен ұстап жеу адамды артық салмақ жинаудан сақтайды. Зерттеушілер шанышқымен желінген пицца мен қағаз майлықпен ұстап желінген пиццаның майлылығын салыстырыпты.
Сөйтсе, пиццаны ұстаған кезде қағаз майлыққа майдың көп бөлігі сіңіп қалады екен. Сол кезде пиццаның бір бөлігінің майлылығы 117 ккал-ден 76 ккал-ге дейін азайған. Ал бір жылда бұл айырмашылық 3500 ккал-ге жетуі мүмкін. Сол себепті артық салмақтың пайда болуына апарып соқтыратын тамақты жеген кезде қағаз майлық қолданған абзал.
Дереккөз: 24.kz