Егер сіз әрдайым өзіңізді әлсіз сезінсеңіз, тағам мөлшері мен өмір ырғағына өзгеріс енгізу жағдайыңызды біршама жақсартуы мүмкін. Барлық кеңестерді орындау міндетті емес, әрбірі сізге қызық емес болуы мүмкін. Барлық әдісті пайдаланып көріңіз де, өзіңізге жақынын таңдап алыңыз. Ал, бастайық.
1. Бір күнде шұлығыңызды бірнеше рет ауыстырыңыз. Бұл денеңізге балғындық береді. Әсіресе, күні бойы жүретін адамдарға өте пайдалы.
2. Ұнап қалған әуенді бар даусына қойып тыңдаңыз, билеңіз, былайша айтқанда, әлемнен бір сәтке жырақтаңыз. Бұл да сізді сергітеді.
3. Мұрныңыз бітеліп жүрмесін.
4. Табиғи сағатыңызды анықтап алыңыз. Мысалы, тәуліктің қай мезгілінде ағзаңыз белсенді жұмыс істеуге әзір? Барлық маңызды жобаларды сол уақытқа жоспарлаңыз, басқа уақыттары өзіңізді еркін сезініп, ұсақ-түйек жұмыстарды атқарыңыз.
5. Шоколад жеңіз.
6. Түсте ақуыз, жасұныққа мол, қанты аз тағамнан дәм татыңыз. Мысалы:
- Жаңғақ қосындыларын;
- Майы аз йогурт;
- Жаңғақ пен мейіз қосындыларын;
7. Әріптестеріңізбен кофе не шай ішуге үзіліс жасаңыз немесе Интернеттен қызықты бірдеңе көріңіз.
8. Жидектер жеуге тырысыңыз. Олардың құрамында сізге энергия беретін антиоксиданттар бар.
9. Барынша ашық киімдер киюге тырысыңыз.
10. Сәл мызғып алыңыз.
11. Қалжыңдасып қойыңыз.
12. Хош иісті шамдарды жақсаңыз болады.
13. Күнде бір уақытта тұрып, бір уақытта жатуға дағдыланыңыз, демалыс күндері де.
14. Молырақ су ішуге тырысыңыз. Ағзаның су тапшылығы әлсіздікке әкеледі.
15. Кофеинді дұрыс пайдаланыңыз. Кофені жиі ішіңіз бірақ көп мөлшерде емес.
16. Энергетикалық сусындардан аулақ болыңыз. Сусынның әсерінен болатын гипербелсенділік, кейін гиперәлсіздікке алып келеді.
17. Тәттіні көп жемеңіз. Әсіресе құрамында қанты көп тағамдар (конфет, қант, нан өнімдері, картоп). Бұл өнімдер ағзаға тез сіңеді де, белсенділікті азайтады.
19. Ағзаңызда С дәруменінің мөлшері жеткілікті болсын.
20. Цитрусты ароматерапия.
Цитрус жемістері С дәруменіне бай болғанымен қатар, оның иісі энергия береді, сондықтан лимон, апельсин, грейпфрут хош иісіне бөленген дезодорант, сабын, душқа арналған гель пайдалануға тырысыңыз.
Сурет: woman.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина