Артық салмақ мәселесінің маңызы күннен-күнге артып келеді. Кейде, тіпті, созылмалы ауруға айналып, өзіне қарсы шаралар қолдануды талап етуде. Мысалы, АҚШ-та адамдар диета ұстап, сүйікті тағамдардан бас тартып, физикалық жаттығулар жасап, хирург мамандардың көмегіне жүгінеді. Өзге мемлекеттердің шаралары мүлдем өзгеше. Назарларыңызға олардың ең қызық түрлерін ұсынамыз:
1. Жапония: Семіз адамдарға арналған «Мандат заңы»
Семіз адамдар Жапония халқының 3,5%-ын ғана құрайды. Бұл 2008 жылы қабылданған «Метабо заңының» арқасы. Аталған заңның негізінде 40 пен 74 жас аралығындағы әйел адамдардың бел өлшемі 90 сантиметрден, ал ер адамдардыкі 85 сантиметрден аспауы тиіс. Осы өлшемдерден асып кеткен жағдайда, диетолог мамандарға жолығып, арнайы емделеді. Заңды бұзушыларға жергілікті органдардың айыппұл төлетуге құқы бар.
2. Дубай: Мемлекетті басқарушылар арықтаймын деген адамдарға ақша төлейді
19 маусымда Дубай үкіметі арықтайтын адамдарға қаржылай көмек көрсететін арнайы бағдарлама құрған. Алдын ала тағайындалған уақытқа дейін арықтап үлгергендер жоғалтқан салмағына байланысты алтын алады. Ал ең көп салмақ жоғалтқан 3 адам 20 000 дирхам тұратын алтын тиынды иеленеді. (Яғни 5500 АҚШ доллары тұратын тиын).
3. Жаңа Зеландия: Мемлекетке артық салмағы бар адамдарға көшіп келуге тыйым салынған
Бұл мемлекетте әрбір төртінші адам артық салмақтан зардап шегетіндіктен, мемлекет олардың санын көбейтушілерге көшіп келуге тыйым салған. Келушілер мемлекетке қоныстанбас бұрын арнайы тексерістен өтеді. Бұның барлығы мемлекет тарапынан денсаулық сақтау бөліміне берілетін қаржының мөлшерімен байланысты. Артық салмағы бар адамдардың кез келген ауруға жылдам шалдығу қаупі болғандықтан, мемлекет оларға емделу үшін ақша бөле алмайды.
4. Қытайда: Инемен емдеу
Қытайлықтар артық салмақтан арылу үшін ине шаншу әдісін бірнеше ғасыр бойы пайдаланып келеді. Және Гонконг ғалымдары бұл әдістің расымен де әсері бар екендігін дәлелдеп отыр. Мұнымен қатар аяқ пен құлақ терісіндегі биологиялық белсенді нүктелер асқазан, көкбауырмен тікелей байланысты. Олардың көмегімен едәуір салмақтан арылуға болады.
5. АҚШ: Асқазаннан тамақты сорғызып алу
Бұл рәсім «аспирациондық терапия» деп аталады. Көзге жат көрінетін бұл әдіс арқылы арнайы құрылғының көмегімен ағзадағы 30% тағамды сорғызып алады. Бұл мемлекетке үйреншікті әдіс болғанымен, Еуропа, Азия елдеріне жат құбылыс.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: infoniac.ru