- Негізгі бет
- Денсаулық
- Өздігінен диагноз қоятын...
Өздігінен диагноз қоятын дәрігер-қосымша пайда болды
Вадим Гринченко есімді дизайнер мен оның дәрігер әпкесі Лилия Курилец бірлесе отырып First Aid аталатын телефон қосымшасын ойлап тапты. Ол, аты айтып тұрғандай, алғашқы көмек көрсетеді. Яғни, белгілер бойынша ауруды анықтап, өздігінен диагноз қояды.
Аталған қосымша аурудың себептерін және оның қаншалықты қауіпті екенінен хабар береді. Жалпы First Aid бағдарламасына 52 аурудың симптомдары, яғни, алғашқы белгілері енгізілген. Олардың қатарында, тіпті, жаттығу кезіндегі бұлшықет ауруы секілді елеусіз жайсыздықтардан бастап, инсульт сынды қауіпті аурулар туралы ақпарат бар. Қолданушылар қосымшадан алған ақпаратты PDF форматында жүктеп, кейін әлдеқайда нақтырақ диагноз қойдыру үшін өз дәрігеріне жібере алады.
Сондай-ақ, қосымша «дәрігермен кеңес» қызметін де ұсына алады. Алайда, осы қосымшаны ойлап тапқан азаматтар украиналық болғандықтан, тек осы ел территориясында ғана тегін, ал өзге елдерде $ 2 мен $ 10 аралығын қамтиды.
Диагноз қоюдан бөлек, First Aid жедел жәрдем шақыру қызметін де қамтыған. Ол үшін бір ғана батырманы басудың өзі жеткілікті.
А. Оралқызы