ER-BATYR жобасында – жоғары санатты нейрохирург дәрігер, Орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия орталығының басшысы Мыңжылқы Бердіқожаев. Ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында халық неліктен отандық медицинаның жетістігіне сенбейтінін, науқастар қандай себептерге байланысты отадан бас тартатыны, алға қадам жасауына не ықпал ететіні, сондай-ақ кейінгі жылдары Қазақстандағы медициналық білім беру қалай өзгергені туралы әңгімеледі. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан көріңіздер.
Жоба ұйымдастырушылары – Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер – "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі – Altel ұялы байланыс операторы.
Эфир қонағы Қазақстандағы медициналық білім беру сапасы туралы ойын айтты.
"Кейінгі жылдары медициналық білім беру түбегейлі өзгерді. Мысалы біз бір жарым жыл бойы жаттаған қалыпты анатомия (хирург үшін бұл өте маңызды) бүгін тек бір жыл ғана оқытылады.Топографиялық және патологиялық анатомия курстары қысқартылған. Философия, мәдениеттану, экономика сияқты пәндер қосымшаға айналып, оқытылуы тоқтатылды. Дегенмен бұл дәрігер деген атаққа өте маңызды, біз слесарь-сантехник емес, әңгімелесе алатын ой-өрісі кең интеллигенцияны даярлаймыз, жалпы, адам өмірі, бұл тек ағзаға байланысты емес, кейбір сырқаттарды сөзбен де жазып алуға болады. Сондықтан менің ойымша, білім беру өзгерді, бірақ үздік жаққа емес", - дейді дәрігер.
Мыңжылқы Бердіқожаев өз мысалымен отандық медицина, оның ішінде, нейрохирургия жоғары дәрежеде екенін дәлелдеуге тырысып жүр.
"Менің негізгі мақсатым - отандық медицинаны көпшілікке таныту, маған келетін болсақ бұл нейрохирургия саласы, бүгінгі таңда Қазақстанда ол жоғары деңгейде екенін көрсету. Мәселе ақпараттың жетіспеушілігінен. Отандастарымыз қазақстандық медицинада да жетістіктердің барына сенбейді. Қазір біз вакцинацияға сенбейтін жағдаймен қайшы келдік: халық отандық және көрші елдерде өндірілген препараттарға сенбей, импортты бірдеңені іздей бастайды. Әрине, біз барлық ауруларды емдей аламыз деп айту қате болар - "Mayo Clinic", "Charite" сияқты жетекші клиникалармен өзімізді салыстыра алмаймыз, онда бір клиниканың бюджеті бүкіл елдің бюджетімен бірдей. – Сондықтан мемлекетіміздің ЖІӨ-нің шамамен 4%-ы барлық медицинаға бөлінсе, ал оның жартысы коронавирус инфекциямен күресуге жұмсалса, біз қандай да бір жетістікке жеттік дегеніміз қатты айтылған болады", - дейді маман.
Сонымен қатар, дәрігер ота жасаудан бас тарту мәселесін де қозғады.
«Әдетте, егер біздің жағдайда шұғыл ота жасау техникалық тұрғыдан мүмкін болса, мен міндетті түрде бұл науқасты қабылдаймын. Бірақ науқас бас тартуы мүмкін. Көптеген себеп бар, мүмкін түсінбеушілік те бар шығар. Өте жарқын мысал бар. 2019 жыл, күздің кезі, науқас кеңес алуға келді, оның ұйқы күретамырлары екі жақтан тарылған. Оны порталға тіркеу үшін қорытынды бердім. Порталды 2 апта күту керек болды. Ол ақша жинап, бір апта ішінде Кореяға ұшып кетті, онда тексеру барысында бір ұйқы күретамырына ота жасалынып, сол кезде жүрек тамырларында тарылу табылып, нәтижесінде емнің ақысы 100 000 долларға жетті. Яғни ол пәтерін сатты, барлық активтерін сатты, ал екінші ұйқы күретамырына ота жасалынған жоқ. Жарты жылдан кейін ол маған келіп: "Мыңжылқы Сайлауұлы, менің ақшам таусылды, сізге ота жасатқым келеді", - деді. Бір апта күту керек еді, ұйқы күретамырларыңызға отау жасап, жүрек тамырларын шунттауды біздің жағдайда тегін болар еді деп айттым. Бәлкім ең жақсы емді алғысы келген шығар. Жарнама сатудың көзі ғой, біздің елімізде мұндай басқыншы маркетинг жоқ. Мысалы Корея жергілікті клиникалар мен медициналық қызметтер жарнамасына қыруар ақша жұмсайды. Сіз біздің мемлекет тарапынан қандай да бір жарнаманы көрдіңіз бе? Мен де көрген жоқпын, - деді дәрігер.
Сондай-ақ, Мыңжылқы Бердіқожаев алған бетінен қайтпай, әрі қарай дамуына не көмектесетінін айтып берді.
"Мен жиі сырт көзбен қарауды әдетке айналдырдым. Бұл өте маңызды - белгілі бір сәтте тоқтап, ісіңе сырт көзбен қарап, содан кейін ғана шешім қабылдау. Жеке дамуым мен үздіктер қатарында болуға деген талпыныс алға жүруге, тоқтамауға септігін тигізеді. Әлем мойындаған мамандармен бір қатарда болу, олармен әңігімелесе білу - бұл мені ынталандыратын сәт", - дейді ол.
ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.
Бұған дейін футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев, "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов, кәсіпкер Райымбек Баталов, медиамагнат Арманжан Байтасов, Asar-ume қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, Ninety one тобының продюсері Ерболат Беделхан, продюсер және актер Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев жоба қонағы болған.
Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Жобаның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы - erbatyrkz.