Ғалымдар адал адамдар өзін неге жақсы сезінетінінің себебін анықтап берді. Американың Нотр-Дам университетінің ғалымдары қызық зерттеу жасады. Мақсат артық сөйлеу, өтірік айтудың, жаман дағдылардың денсаулыққа әсерін анықтау. Ғалымдар 18 бен 71 жас аралығындағы 200 адамды жинап, оларға тапсырма берді. Байқауға қатысушылардың жартысы 10 апта ішінде тек қана шындықты айтуы тиіс, ал қалғандарын өз еркіне қойды. Демек, кім қандай деңгейде өтірік соғатынын айқындау қажет. Нәтижесінде алдағыштардың жиі ауыратыны анықталды. Әрине, біз өтірік айтудың жақсы емес екенін білеміз. Бірақ өзгені де, өзіңді де ұятқа қалдырмау үшін енді қалай өмір сүру керек? Бұл жағдайдың миыңызға ғана емес, жалпы психикаға да әсер-ықпалы күшті. Тәжірибе соңында шындықты қолдаушылар тобының мүшелері өзін әлдеқайда әлсіз сезінген. Көңіл-күйлері түсіп, айналасындағылармен түсінісе алмаған. Олардың басқа топтағыларға қарағанда тамағы және бас ауруы қатты сезілген. Күн сайын байқауға қатысушылар қанша рет шындықты айтқандары жөнінде анкета толтырды. Орташа есеппен алғанда, олар аптасына 10-15 рет өтірік айтатын көрінеді. Шындық айту тобындағыларға да оңайға соққан жоқ, бірақ олар аптасына 3 есе аз өтірік айтатын болып шықты. Сонымен қатар екі жақ жұмысқа кешігу, түнімен қайда серуендегені жөнінде ақиқатты айтуға келгенде әжептәуір сүрінді. Қысқасы, біз адамдардың көбісі адал деп ойлаймыз. Ал шын мәнінде, доктор Хаустың айтуынша, өтірік айтпайтын адам жоқ екен. Қорыта айтқанда, ірі өтірік айтатындар, алдағыштар бірлі-жарым екен де, ал ұсақ-түйекке келгенде бәріміз алдымызға жан салмайтын көрінеміз. almaty-akshamy.kz