- Негізгі бет
- Денсаулық
- Осы күнге дейін...
Осы күнге дейін зиян деп келген өнімдердің пайдасы
Осы күнге дейін біз әңгімелегелі отырған өнімдерді тұтыну адам ағзасына зиян деп келді. Бірақ оларды дұрыс пайдаланудың пайдасы да жоқ емес. Сол себепті сүйікті тағамыңызды рационға қайтаруға асығыңыз.
Картоп
Әрине, күнде картопқа пияз қосып қуырып жей берсеңіз, қылдай белді тек түсіңізде ғана көресіз. Бірақ түрлі дәмдеуіш шөптер мен зәйтүн майы қосып пеште пісірілген картопқа келетін болсақ, оның жөні бөлек. Мұндай жағдайда сіз С, В6 дәрумендерінің, темірдің, фосфордың, кальцийдің, калийдің тамаша комбинациясын аласыз. Бұл сіздің ағзаңызға керемет пайда береді.
Сарымай
Майдың, шындығында, А, В, С, Д, Е және К дәрумендерінің, сонымен қатар омега-3 және омега-6 май қышқылдарының құнды көзі екені мәлім. Таңғы асқа жаңа піскен нанға жағып жесеңіз, пайдалы дәрумендердің қажет мөлшерін аласыз.
Шоколад
Бұл өнім күшті антиоксидант саналады, ол терінің жас көрінуіне көмектеседі. Бірақ құрамында қант мөлшері аз, нағыз какао дәндерінен жасалған шоколадты таңдаңыз (кем дегенде 70%).
Попкорн
Бұл кинотеатрлардағы карамель қосып жасалған попкорн туралы емес. Бірақ егер сіз «таза» попкорнды өз қолыңызбен жасап, оған гималай тұзын қоссаңыз, жүгеріден асқан пайдалы тамақ болмас еді.
Кофе
Диетологтар сүт пен құлпынай сиропы қосылған екі стакан эспрессо мидың жұмысын жақсартады, метаболизмді жеделдетеді және орталық жүйке жүйесіне оң әсер етеді деп сендіреді. Сонымен қатар, кофенің құрамында линол қышқылы бар, ол теріні тамаша қалпына келтіреді және терінің қартаюын бәсеңдетеді. Тек оған қант қоспаңыз.
Балмұздақ
Ғалымдар балмұздақтың зиян емес екенін дәлелдеді. Ол антидепрессант ретінде әрекет етеді, стрессті жеңілдетеді және тыныштандырады. Әрине, біз тек консерванттар мен бояғыштар қосылмаған, табиғи сүттен немесе кілегейден жасалған балмұздақ туралы айтып отырмыз.
А. Оралқызы