Бірінші байлық – денсаулық. Қазіргі таңда денсаулық сақтау ісіне байланысты қиындықтар өте көп. Бұл қиындықтарды шешу жұмысы қалай атқарылып жатыр екен?
Жақында «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында» денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрімен кездесу өтті. Кездесу барысында онкологиялық ауруларды емдеу, емдеу барысында жаңа әдістер пайдалану, еліміздегі онкологиялық аурулардың көрсеткіші, «Жол картасы», «Саламатты Қазақстан» бағдарламаларының атқарылуы деген сияқты мәселелер айтылды. Бас дәрігердің айтуы бойынша, онкологиялық ауруларды емдеу бүгінгі таңда біраз биікке көтерілген. Институт қызметіне биыл 55 жыл толыпты. Осыған орай, онкологиялық аурулармен күресу мақсатында 5 бағдарлама енгізілген. Бұл бағдарламаға сәйкес, онкодиспансерлер ашу ісін қолға алу, қыздар вакансиясын көбейту, дәрігерлерді жаңа бағдарламаларға сүйене отырып оқыту және науқастарға көмек беруді арттыру негізгі мәселелер болып табылады. Бүгінгі таңда шамамен 146000 науқас тіркелген, жыл сайын тағы 35000 науқас қосылады. Сондықтан негізгі мақсат – науқасты аурудың бастапқы кезеңінде анықтап, тез арада емдеу жұмыстарын атқару. Бас дәрігер онкологияның жетістіктері де аз емес екенін атап өтті. Институт Жапония, Франция сияқты шет елдермен байланыста. Бұл байланыс онкологиялық ауруларды жан жақты емдеуге мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі: Облыстарды аралаудағы мақсатымыз - әр жерде онкологиялық аурулар қалай емделіп жатқандығын, денсаулық сақтау мекемелерінің қандай деңгейде жұмыс атқарып жатқандығын қадағалап, қарап шығу. Онкология аурулары жөнінде қазір бізде фонд жоғары. Сондықтан бұл бағдарлама «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының бір бағыты деп белгіленіп, 2012 жылдан бері жүргізіліп жатыр. Оған республикалық бюджеттен 211 миллиард теңге қаралған. Бұл қаржы жаңа жабдықтар сатып алу, жаңа кадрлар даярлау, шет елдерге барып оқып келу деген сияқты мәселелерге арналған. Биылғы жылдың өзінде қосымша 56 миллиард теңге бөлінді. Бүгінгі кездесуде 2016-2020 жылдар аралығында атқарылатын жұмыстарды әріптестерімізбен белгілеп алуымыз керек.
Сонымен қатар министр институттың жаңа технологияларды пайдаланып емдеуге арналған корпусын аралап шығып, онкологиялық ауруларды емдеу ісі біршама жақсы деңгейге көтерілгенін ерекше атап өтті.
Арнайы Massaget.kz үшін: Гүлнұр Бақытбекова, Фариза Әбілова
Сурет: Massaget.kz