- Негізгі бет
- Денсаулық
- Онколог меңді алып...
Онколог меңді алып тастаудың қаупі туралы айтты
Косметологтың бақылауы бойынша тиісті анализ тапсырмай, меңді алып тастау адам өміріне қауіпті қатерлі ісікке алып келуі мүмкін. Бұл туралы онколог дәрігер, ESMO Еуропалық клиника онкологтары қоғамының мүшесі, медицина ғылымдарының кандидаты Андрей Пылев мәлімдеді.
"Егер адам косметологтың көмегімен меңді алып тастаса, ал ол мең емес, қатерлі қал – меланома болып шықса, онда ол жою түбегейлі жүргізілмейді. Адамға ешқандай қосымша тексеру, дәрі-дәрмек терапиясы тағайындалмайды. Оның ағзасында қатерлі ісік процесінің асқынып, бұл өлімге әкеледі. Егер бұл меланомаға қатысты болса, тура осындай жағдай болады", - деді Андрей Пылев URA.RU агенттігіне берген сұхбатында.
Дәрігердің айтуынша, бейіндік онкологиялық мекемелерге осындай проблемалары бар адамдар жиі жүгінеді.
"Косметикалық клиникалардағы дәрігерлерде меңнің күдікті сипатта екенін бірден аңғаратындай біліктілік әрқашан бола бермейді. Егер қалды алып тастау осындай орындарда жүргізілсе, гистология болмаса немесе меңді жою дұрыс емес әдіспен жүргізілсе, онда бұл үлкен проблемаға алып келеді. Маған меланома метастазасына көп науқас шағымданып келеді. Сұхбаттасу кезінде олардың біраз бұрын косметологтың көмегімен меңді алып тастағаны анықталады", - деді ол.
Маманның айтуынша, егер барлық талап сақталса, онда меңді алып тастауға шешім қабылдаған адамға ешқандау қауіп төнбеуі керек.
"Меңдерді жою дұрыс жүргізілген болса, онда ол процесс адамға проблема тудырмауы керек. Оның үстіне, меланоманың дамуы тұрғысынан қауіпті болуы мүмкін кейбір күдікті меңдер кездесетін болса, онда олардың профилактикалық жою қатерлі ісік асқынуының алдын алудың ең тиімді әдісі болып табылады", - деп түйіндеді медицина ғылымдарының кандидаты.
Т. Раушанұлы