Өт - ішкі органдардың кішкентай басшысы. Өт аурулары белсенді емес өмір салты, артық салмақ, тұқым қуалайтын фактор және анатомиялық ерекшеліктерге (өт қабының майысуы, жабысуы) байланысты пайда болуы мүмкін. Кей келген ауруды асқындырып алмай, ерте анықтау маңызды. Невролог дәрігер Ұлжалғас Тұрғынбайқызы өзінің instagram парақшасында өт ауруларының белгілерін атады.
Дәрігердің айтуынша, өтте проблема бар екенін мына белгілерден байқауға болады:
- оң жақ қабырға астының ауыруы;
- тері құрғау (бет, өкше жарылу);
- ауызға ащы дәм келу, жағымсыз иіс шығу;
- іш қату (запор);
- артық салмақ қосу немесе салмақ қоса алмау;
- майлы тағам жей алмау;
- бетте, теріде дақтардың пайда болуы;
- бас ауруы, шаршау, әлсіздік.