Шындығында, ғұмыр жасыңызды ұзартатын әдіс-тәсілдер жетіп артыларлық. Жолдарын сұрасаңыз, төменнен оқи аласыз.
* * *
1. Шәйді жиі ішіңіз
Гарвард атындағы қоғам денсаулық сақтау мектебінің мамандары әр күні ең аз дегенде екі кесе шай ішіп отыруды кеңес етеді. Шәйқұмарлар шәй ішпейтіндерге қарағанда 44 пайызға жүрек ауруына аз ұшырайтын болып шыққан. Тәжірибеге қатысқан 1900 адам соны растауда.
2. Жұмысқа көп уақыт бөліп, жетістікке ұмтылыңыз
Лайықты баға алу мен еңбекте өсіп-өну жолы өміріңізге екі жыл артық өмір сыйламақ. Мұндай тоқтамға британдық Уорик университетінің ғалымдары келуде. Нобель сыйлығына ұсынылған 500-ге жуық адамның өмір сүру ұзақтығын зерделей келе, олар "қарапайым жандарға" қарағанда жетістікке ұмтылған жандардың көп өмір сүретіндігін анықтаған.
3. Уақытылы ұйықтаңыз
Калифорниядағы ғылым ордасының ғалымдары тәулігіне сегіз сағаттан көп және төрт сағаттан аз ұйықтайтын жандардың өзгелерден аз өмір сүретін анықтаған. Және мұндай тоқтамға жайдан-жай келіп отырмаған болып шықты. Ұйқының дұрыс аралығын анықтау үшін, олар 32 мен 102 жас аралағындағы миллиондаған адамдардың өмір деректеріне қол сұққан.
4. Үй жануарын асырап алыңыз
Бәтіңке кеміру мен диван, төсенішті былғаудан бос уақытта үй жануары адамның жүрек талмасына ұшырау өлім қаупін сейілтеді. Миннесота университетінің зерттеушілер бұған көз жеткізу үшін он жыл бойына 4 мыңға жуық американдықтың өмірін зерттеп келген.
Ақ халаттың жандардың айтуынша, үй жануарымен арадағы қарым-қатынас стресс тудыратын бездерді өсірмей, жүрек қантамыр жүйесінің жақсаруына алып келіп соғатын көрінеді.
5. Тоңазытқышқа кіріңіз
Мәңгі өмір сүргісі келген жандарға крионика орталықтары ашылуда. Бәрі қарапайым: компаниямен келісімге қол қойып, 10 мың - 150 мың доллар шамасында қомақты қаржыны төлейсіз. Мұздтатқыш ішіне қатырып, күндердің бір күні жібітуі мүмкін. Мүмкін. Бір айта кетерілігі, қайта жан бітіру (мұздан арылтудың) технологиясы әлі күнге жасалып бітпегендіктен, өмір бойына мұз болып қалу қаупі бар.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: timemart.vn