Әркім де ұзақ ғұмыр сүргенді қалайды. Өмір жолыңызда бақытты, деніңіз сау, көңілді болып, ұзақ жасағыңыз келсе, мына заттардан аулақ болыңыз.
Дұрыс тамақтанбау
Адам ағзасына артық салмақ та, пайдалы заттардың тапшылығы да бірдей зиян. Дұрыс тамақтану үшін, рационыңыз түрлі болып, құрамында дәрумендер мен пайдалы заттар болуға тиіс. Консерванттар мен бояғыш заттарға толы дүкеннің тағамынан бас тартып, табиғи жемістер мен көкөністерді жеңіз.
Жылдам жеу әдеті
Түскі асты мүмкіндішінше тез жеуге тырысасыз ба? Бұлай сіз денсаулығыңызға үлкен зардап тигізесіз. Артық салмақ өмір жасын орташа есеппен 10-15 жылға қысқартады. Ереже бойынша бір үзім тамақты 40 рет шайнау керек.
Темекі шегу, ішімдік пен "энергетиктер" ішу
Темекі мен ішімдіктің зияны баршамызға таныс. Күнделікті темекі шегетін болсаңыз, күндердің бір күнінде бұл өкпе не жүрек ауруына әкеліп соғарына күмәнданбаңыз. Анда-санда ішімдік ішетін болсаңыз да, бұл уақыт өте келе денсаулығыңызға үлкен зақымын тидіреді.
Энергетикалық сусындардың әсерін 10 стақан кофемен салыстыруға келеді. Ал бұл сусынға үйреніп қалсаңыз, тіпті әр уақыт шаршап, көңілсіз жүресіз.
Ұйқы бұзылуы
Күнделікті ұйқының қанбауы ақыр соңында денсаулыққа үлкен зардап тидіруі мүмкін. Күніне 7-8 сағатты міндетті түрде ұйқыға арнаңыз. Алайда кейбіреулерге ұйқысын қандыруға 9-10 сағат қажет болуы мүмкін. Бұзылған ұйқы диабет, гипертония мен артық салмақтың тез жиналуына әкеледі.
Ашу-ыза
Ашу үстіндегі адамның көңіл-күйі болмайды. Оның көкейнде қызғаныш, ашу сезімдері болады. Бұндай кісілер ортасына сүйкімсіз болып қана қоймайды, бұл қасиет олардың өздеріне де өте зиян. Жүйке жүйесі ылғи қозып, ашуы оны ішінен жейді. Қартайғанда бұндай адамның жаман аурулары болуы әбден мүмкін.
Өтірік айту
Өтірік айтуға дағдыланған адам өз сөздеріне мұқият болып, өтірігі шығып қалмауын бақылайды. Бұл адамның жүйкесі тозып, ылғи уайымда өмір сүреді. Әрине бұл да өмір жасын қысқартады.
Қимылсыз өмір тәртібі
Қазіргі балақайлар мен жастардың әрқайсысында созылмалы ауру түрлері кездеседі. Бұл олардың күні физикалық белсенділіксіз өтуінің жемісі. Компьютер мен теледидардың құрбандары болған біз, таза ауа, қимылдардың рахатынан қалдық. Ұзақ өмір сүргіңіз кесе, далада жиі серуендеп, белсенді спорт түрімен күнделікті айналысыңыз.
Депрессия
Стреске берілгіш адамдардың психикасы зақымдана бастайды. Адам ұзақ өмір тұрмақ, бүгіннің мағынасын таба алмай, өз денсаулығын жастайынан құртады.
Жалғыздық
Ғалымдардың айтуынша, артық салмақ, ішімдік, темекілерден гөрі адам баласына жалғыздық зиян екен. Күндерін отбасы, туыс, достардың арасында өткізетіндердің кәрілікке жету мүмкіндіктері 1,5 есе жоғары.
Егер сіз ақ жаулықты әже, ақ сақалды ата атанамын десеңіз, осы заттардан сақтанып, ұзақ ғұмыр кешіңіз!
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: asianews.it