Жапон ғалымдары балықты адамның күнделікті мәзіріндегі ең бағалы тағам деп санайды. Олар 1000 егде адамды зерттеді. Дастарханында ақуызы мол қарттардың психикалық және дене саулығы жөніндегі көрсеткіштері 40 пайыз жағдайда жоғары болады.
Ақуызды дәмдердің ішінде ең бағалысы — балық. Өйткені оның құрамында бағалы майлы қышқылдар бар. Олар жас ұлғайғанда пайда болатын көптеген сырқаттардың алдын алады немесе белгілерін азайтады.