Зерттеушілер коронавирустың жаңа штамының балаға жұққанда қандай симптом пайда болатынын анықтады.
Маманның айтуынша, 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер Омикронды жұқтырған жағдайда қатты жөтеледі не тынысы тарылып, көк жөтелге ұқсас симптомдар пайда болатын көрінеді. Бұл белгі кәдімгі жөтелге ұқсамайды. Баланың тамағы ісіп, ит үрген дауысқа ұқсас жөтел шығарады.
Мұндай жөтел аса қауіпті емес әрі оны тану да оңай. Алайда бұрын мұндайды көрмеген ата-ана не істерін білмей қорқып қалуы мүмкін. Баланың ағзасына коронавирус инфекциясы түссе, тамағы мен өңеш тұсы қабынып, тыныс алу жолы бітеліп қалады. Жөтел содан пайда болады.
Сондай-ақ, Омикрон жұққан баланың тамағы ауырып, қызуы көтеріледі, қалтырап ауыруы мүмкін. Тұмау тиіп, денесінде ауырлық, сыздап ауру сынды белгілер де шығуы ықтимал. Бірақ көбіне балаға коронавирустың жұққаны білінбейді. Симптомдар айқын көрінбейді.