Қазір әлемде Омикрон штамының тез таралып жатқаны белгілі. Бұл әлем ғалымдарын уайымдатып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа штамның белгілері бұрынғы мутациялық коронавирус белгілеріне ұқсамайды. Оның кейбірі өте ауыр симптомдар.
Мәселен, Оңтүстік Африка медицина қауымдастығының төрағасы, дәрігер Анжелика Кутзидің (Angelique Coetzee) айтуынша, омикрон штамының басты белгісі – бұл бас ауруы мен дененің құрысуы.
"Бұл белгілері Дельтанікіне ұқсамайды. Бас ауруы мен қатты шаршау, дененің құрысып, сырқырап ауруы – мұның бәрі жаңа штамның белгілері", - дейді ол.