Ресейлік вирусолог, МФТИ геномдық инженерия зертханасының жетекшісі Павел Волчков сұхбатында коронавирустың жаңа – омикрон штаммы қауіпті адамдар санатын атады.
Ғалымның айтуынша, қауіп тобына бұрын-соңды коронавируспен ауырмаған және екпе алмаған адамдар жатады. Ковидпен ауырған және оған қарсы вакцина алған адамдар үшін жаңа Оңтүстік Африка штаммы қауіпті емес.
COVID-19: Жаңа штамм туралы не белгілі және ол қаншалықты тез таралады?
"Бізде қазірдің өзінде ауырған және вакцинацияланған адамдар өте көп. Бұл адамдар тобы үшін омикрон жеңіл өтеді. Бірақ ауырмаған адамдарда салдары ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін ", - деді дәрігер.
Вирусолог Петр Чумаков COVID-19 созылмалы аурулары бар адамдар үшін әлі де қауіпті екенін айтты.
"Созылмалы аурулары бар егде жастағы адамдар, созылмалы ауру салдарынан иммунитеті әлсіреген адамдар жаңа штамм салдарынан ең ауыр дертке шалдығады", - деді дәрігер.
Чумаков омикрон штаммы балаларда да проблема тудыруы мүмкін екенін ескертті.
"Көптеген жастар, тіпті балалар да жұқтырған. Ал кішкентай балалардың ауыр инфекциялармен күресуге күші жетпейді, сондықтан оларға жаңа штамм қауіпті болуы мүмкін", - деді профессор.
Айта кетейік, қарашаның соңына қарай әлемде коронавирустың жаңа штаммы пайда болды. Ол алғаш рет Оңтүстік Африкада тіркелді. "Альфа", "Бета" және "Дельта" штаммдары сияқты, жаңа штаммның грек атау алатыны белгілі болды. Кейіннен жаңа штамм – "омикрон" деп аталды.
Ғалымдар жаңа штамм мутацияларының саны қорқынышты дейді. Коронавирустың алдыңғы нұсқаларының ешқайсысы мұндай күшті мутацияға ұшырамаған.
Ғалымдардың айтуынша, оның бұрынғылардан айтарлықтай айырмашылығы бар.
"Бұл нұсқа бізді таң қалдырды. Ол үлкен эволюциялық дамудан және 50-ге жуық мутациядан өтті", - деді журналистерге Оңтүстік Африканың эпидемиологиялық реакциялар және инновациялар орталығының профессоры Тулио де Оливейра.
50 мутацияның 30-ға жуығы вирус қабығындағы спик-белок – тәж тәрізді тікенектерге жатады. Олардың көмегімен вирус адам жасушасына орналасады.
Дәрігер балаларда кездесетін омикрон штаммының белгілерін атады
Бұл жаңа штаммның ең алаңдатарлық аспектісі. Ғалымдар вакциналардың көпшілігі осы тікендерді бейтараптандыру үшін жұмыс істейтінін айтады.
Вирустың спик-белоктан басқа бөлігі жаңа нұсқада 10 рет мутацияға ұшыраған. Салыстыру үшін, Delta штаммында вирустың бұл сегменті екі мутация жасады.
Ғалымдардың пікірінше, иммунитеті әлсіреген және вирусты жеңе алмаған науқастың ағзасында мутация деңгейі туындауы мүмкін.
ДДҰ мәліметтері бойынша, жаңа штамм қазірдің өзінде 89 елде табылған және тіпті халықтың иммунитеті жоғары жерлерде де тез таралып жатыр. COVID-19-дың жаңа штаммы табылған елдерде ковид 1,5-3 күн сайын екі есе көбейіп жатыр.