- Негізгі бет
- Денсаулық
- Оқушы сөмкесінің салмағы...
Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болуы тиіс?
Португалия мемлекетінің мамандары ата-аналардың оқушы балаларының денсаулығына алаңдайтындығын ескеріп, мектеп сөмкесіне қанша келілік зат салу керектігін болжайтын формула ойлап тапты.
Бұл мәселеге тек Португалия халқы емес, өзіміздің қазақстандық ата-аналар да алаңдап отырғанын айта кетуіміз керек. Барлығы да баланың күнделікті апаратын кітабының ауыр болатындығына шағым айтады.
Ойлап табылған формула әлем оқушылары үшін жарайды. Ол өте қарапайым: оқушының сөмкесіндегі заттың салмағы бала салмағының 10%-ын ғана құрауы керек. Яғни оқушының салмағы 30 келі болса, сөмкедегі зат 3 келіден аспауы тиіс. Осы тепе-теңдік ескерілген жағдайда ғана баланың денсаулығына ешқандай қауіп төнбейді.
Дәрігерлер сөмке сатып алған кезде мұқият болып, бос сөмкенің салмағы жарты келіден аспауы керектігін ескертеді.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rumbur.ru