2017 жылығы Нобель сыйлығын табыстау рәсімі мәресіне жетті. Физика, әдебиет, медицина, химия салалары және ресми емес экономика саласы бойынша берілетін сыйдың жеңімпаздары туралы сайтымызды ақпараттар берілді. Ал енді жеңімпаздар қандай еңбектерімен бұл жетістікке жетті, ғалымдардың еңбегінің қандай пайдасы бар деген сұрақтарға жауап іздейміз.
Медицина саласы бойынша: биологиялық сағат
Физиология мен медицина саласы бойынша Нобель сыйлығын алған Джеффи Холл, Майкл Росбаш, Майкл Янг биологиялық ритмге қатысты зерттеу еңбектерін ұсынды.
Барлық тіршілікте «биологиялық сағат» дейтін ұғым бар. Бұл ұғым сонау XVIII ғасырдан бастау алады. Ішкі биологиялық сағатты зерттеу ғалымдардың басты жұмыстарына айналды. Бұл ғылымда «хронобиология» деп аталады.
Сыйлық иегерлері жеміс шыбындарын зерттеген. Олар нәтижесінде ағзадан биологиялық сағатты тапқан.
Ғалымдар бұл ағзаның түнде клеткаға түсіп, күндіз шашырап кететін жасушаларды кодтайтынын анықтады. Биологиялық сағат туралы түсінік 1980-90 жылдары қалыптаса бастады. Біздің жоғарыдағы ғалымдар бұл ағза арқылы дрозофил шыбында қалай жұмыс жасайтынын түсіндірді. Бір сөзбен айтқан кезде адам ағзасында болуы керек «биологиялық сағат» ұғымы өзге ағзалардың да бойында бар деген сөз.
Пайдасы қандай? Қоғамда ішкі биологиялық сағаты түрлі мутацияға ұшырап бұзылған адамдар бар. Мәселен олар кешкі сағат 7-де жатып, таңда 3 не 4 кезінде тұрып алады. Дәл осы әрекет дер кезінде орындалмаса, адамдардың бойында түрлі жаман әдеттер пайда болады.
Түнімен ұйықтамай жұмыс жасайтын адамдар инфаркт, миокарда, инсульт және қант диабетіне тез шалдығады. Ал бұл жаңалық арқылы аталған ауруларға зерттеу жасау арқылы дәрі-дәрмек жасап шығаруға болады.