- Аспириннің орнына тұтыныңыз.
Інжірдің құрамындағы эфир майы қан құрамын жүйелендіріп, оның қоюланып кетуіне жол бермейді. Ыстықты қайтаратын дәріні ішудің қажеті жоқ. Оның орнына күніне бір інжір жеп тұрсаңыз болады.
- Ми жұмысын жақсартады.
Інжірді шығармашылықпен айналысатын жандарға жеген жақсы. Мысалы, суретшілерге, композитор, жазушы, ақын және кәсіпорын иелеріне. Олар толассыз ой үстінде жүргендіктен, бұл жемістің миға әсері мол.
- Жоғары температура, ауыз қуысының індеті, бронх қабынуы, тамақ ауруы кезінде.
1 ас қасық уақтап туралған інжірге 2 стақан қайнаған су құйып, 10 минут баяу отқа қойыңыз. Салқындатып, сүзгіден өткізіп, күніне 4 рет ішіңіз.
- Шаршап, әлсіреп, жүйке жұқарған кезде.
Бір стақан жылы сүтке 4-5 жемісті салып, ашытып, ұнтақтап, күніне 2-4 рет жеңіз.
- Несеп тас ауруы, цистит, пиелонефрит, несеп төгу кезіндегі аурулардың алдын алады.
3-5 інжірді 200 мл қайнаған суға салып, 5 минут баяу отқа қойыңыз. Кейін жақсылап езіп, тамақтан тыс уақытта тұтыныңыз.
- Інжір қосылған жалпы әлдендіретін салат.
Егер бутерброд пен жұмыртқаның орнына күндіз інжір қосылған салат жесеңіз, көпке дейін қарныңыз ашпайды және жүрегіңізге де жеңіл болады.
Інжір – 300 грамм, қара өрік – 150 грамм, миндаль жаңғағы – 2,5 ас қасық, айран – 1 стақан, апельсин қабығының үгіндісі.
Қара өрікті суға салып, содан соң інжірмен бірге жуып, жұқалап тураңыз. Миндаль жаңғағын қайнаған сумен жібітіп, қабығын аршып, үгітіңіз. Барлығын араластырып, апельсин қабығының үгіндісін сеуіп, үстіне айран құйыңыз. Қант салудың керегі жоқ.