- Негізгі бет
- Денсаулық
- Неліктен іштің сол...
Неліктен іштің сол жағы ауырады: дәрігер себептерін атады
Іштің оң жақ бөлігі, қабырғаға жақын жері ауырса, бауыр мен өт қабы ауырғанын білдіреді, ал төмен жағы ауырса соқырішек болуы мүмкін. Бірақ іштің сол жағы ауырса – жүректе, ішекте ақау болуы мүмкін. Бірақ оның ауру себебі әртүрлі және тек ішкі ағзаларға қатысты болмайды.
Көбінесе ауырсыну қабыну процестерінен, созылмалы патологиядан, ісіктен немесе қан айналымы бұзылуынан туындайды. Дәл диагноз қою үшін дәрігердің тексеруінен өту қажет. Гастроэнтеролог Вера Самсонова іштің ауыру себептерін атады.
Көптеген адамдар дәрігерге іштің ауырсынуына шағымданады. Көбінесе аурудың анық белгісін атау қиын. Кейде ол тамақтану салдарынан, кейбір жағдайларда, кейінгі аурулардың нәтижесі немесе дәрі-дәрмектердің жанама әсерлері, дәрумендер мен минералдарды қабылдау кесірінен болады.
Іштің сол жағының ауыруы
Кейде жүгіру, физикалық белсенділіктен соң сол жақ қабырға асты ауырады. Бұл көкбауыр аймағындағы рецепторлардың тітіркенуімен байланысты, олар қан айналымының белсендірілуіне байланысты қанға толып, созылады.
Тәжірибелі спортшылар мұндай ауырсынуды тез жоюға және мүлдем болдырмауға болатындығын біледі. Қарқынды жаттығуларды бастамас бұрын, дұрыс денені қыздыру керек, содан кейін бүкіл белсенділік кезеңінде тыныс алудың біркелкілігін сақтау қажет. Егер сонда да ауырса, уайымдамай, демалып, ауру басылғаннан кейін белсенділікті төмендете отырып, жүгіруге оралуға болады.
Егер ішек шұрылдаса
Іштің сол жағында ауырсынуды тудыруы мүмкін ішекте көптеген проблемалар бар. Олар:
• ішек коликі,
• ішек инфекциялары (сальмонеллез, дизентерия және т.б.),
• тітіркенген ішек синдромы,
• қабыну ошақтары – ойық жаралы колит және крон ауруы,
• ісіктің өсуі.
Мұндай жағдайда, егер ауырсыну кенеттен пайда болса, бірақ тез өтіп кетсе, алаңдауға негіз жоқ. Егер ол екі күннен артық ауырса немесе ауру күшейсе, температура көтерілсе дәрігер көмегіне жүгінген жөн.
Ұйқы безі
Іштің сағы ауырса, ұйқы безінің проблемаларын тудырады. Егер біз созылмалы қабыну процесі (панкреатит) туралы айтатын болсақ, ауырсыну тұрақты болуы мүмкін, оны кесірінен кейін арқа да ауыра бастайды. Кейде ол майлы тамақтан соң да ауырады.
Гастрит, ойық жара және асқазан тітіркенген кезде
Асқазанның көп бөлігі солға, төменгі қабырғалардың астында бұрыа орналасқан. Сондықтан асқазанның ауырсынуы көбінесе эпигастрий аймағында немесе сол жақта, қабырғалардың төменгі жиектерінде пайда болады. Гастрит, ойық жара және асқазан тітіркенген кезде де іштің сол бөлігі ауырады. Іштің сол жағы тамақ жегеннен соң 1-2 сағаттан соң да ауырады.
Т. Раушанұлы