Іштің ауыруы тым кең ұғым – ол әртүрлі себептермен болуы мүмкін. Кейде асқазанға байланысты ауырады, кейде гинекологиялық себебі болады. Асқазан тіпті инфаркт кезінде де ауыруы мүмкін. Әйелде іштің төменгі жағының ауруы әдетте гинекологиямен байланысты. Ал егер ауру кетпесе немесе қайталанса, бірінші кезекте гинекологқа жүгіну қажет.
Гинеколог Екатерина Волкованың айтуынша, кез келген жағдайда іштің төменгі жағының ауруына бей-жай қарамау керек. Ағза осының көмегімен бізге сигнал береді. Әйелдер ауруды асқазан мен немесе белгілі бір патологияға жатқызуы мүмкін. Дегенмен, диагнозды дәрігерге қалдырған дұрыс, оған жылына кемінде бір рет бару ұсынылады.
Екатерина Волкова әйелдерде іштің төменгі жағы не үшін ауыратынын телеграм каналында айтты
1. Жамбастағы варикозды тамырлар
Бұл ұзақ уақыт отырғанда немесе тұрғанда ауыралы. Варикозды тамырлар болса жыныстық қатынастан кейін де іштің төменгі жағы ауырады.
2. Жатыр миомасы
Жатыр миомасы әйелдерде ең көп кездесетін қатерсіз ісік түріне жатады. Егер түйін үлкен мөлшерге жеткен болса, ауырсыну пайда болады. Әдетте, кішкентай миомалар ешқандай белгі бермейді – олар тек ультрадыбыстық зерттеу кезінде көрінеді.
3. Аналық без кистасы
Аналық без кистасы кезінде іштің оң немесе сол жақ төменгі бөлігі ауырады. Ауру әдетте тік ішекке немесе аяққа белгі береді.
4. Эндометриоз
Эндометриоз гинекологиялық аулардың қатарына жатады. Бұл ауру кезінде де іштің төменгі жағы ауырады.
5. Спайк
Спайк немесе ішектің жабысып қалуы кезінде де іштің төменгі жағы ауырады. Сонымен қатар, ыңғайсыздық іш қату арқылы күшеюі мүмкін.
6. Жамбас мүшелерінің пролапсы
Жатыр мен қуықтың пролапсы кезінде, кейде жыныстық қатынас кезінде тартылатын ауырсыну пайда болады. Ауырсыну тік ішекке немесе қуықта таралады.
7. Цистит
Цистит кезінде де іштің төменгі жағы ауырады. Ол зәр шығару кезінде пайда болуы мүмкін, қуық толғанда немесе қуық зәрден босағанда ауру күшейеді.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер іштің төменгі сол жағы неліктен ауыратынын айтқан болатын.