- Негізгі бет
- Денсаулық
- Неге жасөспірімдерге диета...
Неге жасөспірімдерге диета ұстауға болмайды?
АҚШ мамандары жасөспірімдік шақта диета ұстау қауіпті деп отыр. Флорида университеті мамандарының сөзінше, осы шақта диета ұстаудың арты жақсылыққа апармайды.
10 жылға созылған зерттеу неғұрлым жас кезде ұстаған диета соғұрлым көп проблемаға душар ететінін дәлелдеді. Тек асқазан бүлініп қана қоймай, алкоголизм қаупі де ұлғая түседі екен. Тамақтан тежелу әсіресе жыныстық дамуға кері әсерін тигізеді.
Ғалымдар балаларды диета ұстауға үгіттегенше, жеткіншектерді фитнеске апарып, салауатты өмір салтын насихаттаған дұрыс дейді.
Сурет: dailyhoro.ru
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
М. Оңғарова