- Негізгі бет
- Денсаулық
- Не үшін арықтаймын?...
Не үшін арықтаймын?
Қыздардың ең бір ауыр тақырыбы - арықтау мәселесі. Таразыға тұрарда жүрегі дүрсілдеп, өлшеуіштің тіліне қорқып қарайтын қыздар артық салмақтың денсаулыққа да, көңіл-күйге де тигізер зардабын біледі. Ең қызығы, арықтауда тұрған еш қиындық жоқ. Мәселе тек арықтаймын-ау деген ниетте. Шынымен артық салмақты лақтырып, әдемі де әсем боламын деген ойлар диета мен спортпен айналысуға демеу болады. Алайда біршама уақыттан кейін қайта тәтті торттар жегіңіз келіп, таңғы жаттығуларға оянғыңыз келмей қалады. Осындай кездері ынталандыратын мына сөздерді есіңізге алып, "Не үшін арықтаймын?" деген сұраққа нақты жауап беріңіз.
- Қазіргі көйлегіңізді киіп, оның сізге кең екенін аңғару үшін.
- "Әлгі арық, сұлу қыз" деп сізді біреу еске алуы үшін.
- Сізді "томпақ қыз" деп айтқандарды таң қалдыру үшін.
- Арық құрбыларыңыздың киімдерін алмасып кию үшін.
- Достарыңыз сіздің сұлу суреттеріне жүздеген пікір қалдыруы үшін.
- Кез келген дүкенге кірген бойда, сізге келетін киім табылуы үшін.
- Сізді қоғамдық желілердегі суреттерде біреу белгілеген болса, оны өшірмес үшін.
- Арық құрбыларыңыздың аянышты сөздерін естімес үшін.
- Еңкейгенде ішіңізде бірде-бір әжім болмас үшін.
- Еріншектер мен тәттіқұмарлардан басымдылығыңызды сезіну үшін.
- Басқалардың көзінше тамақ ішуден ұялмас үшін.
- Ешкімнен-ақ комплимент естімей, өзіңізді сұлу сезіну үшін.
- Жаңа киімдерді киіп көру сіз үшін көңіл көтеретін жай болу үшін.
- Құрбыларыңыздың арасында ең сұлуы сіз екенін білу үшін.
- Биік өкше кигенде, аяғыңыз ерекше тартымды болып көрінуі үшін.
- Үйде киетін үлкен футболкада өзіңізді кіп-кішкентай сезіну үшін.
- Дүкенде денеде бос тұратын киімдерге ғана көңіл аудармас үшін.
- Жігіттердің сізден ең көп сұрайтыны сіздің телефон нөміріңіз болу үшін.
- Той-жиындарға расымен күшті көйлек киіп бару үшін.
- Спортпен рахаттанып шұғылдану үшін.
- Жігітіңіздің әдемі, дені сау қызы болу үшін.
- Жігітіңіздің сізді мақтан тұтанынын білу үшін.
- Кезінде сізді тастап кеткен жігіт бармағын тістеу үшін.
- Ашуыңызды келтіретін адамдар қасында бола қалғанда, сіздің сұлулығыңызды көріп, іштері күюі үшін.
- Емхана мен ауруханаларға бармас үшін.
- Адамдар сіздің жігеріңіз бен қажымас қайратыңызға таң қалуы үшін.
- Айнаға қарап: "Мен расында кереметпін" деп ойлау үшін.
- Сіңліңізге, құрбыңызға үлгі болу үшін.
- Демалыстарды теледидар алдында қуырылған картоп жеп емес, табиғатта достарыңызбен не сүйіктіңізбен өткізу үшін.
- Көшеде аяғыңызды сенімді басып, жан-жағыңызға күлімсіреп қарау үшін.
- Адам лық толы автобустан оңайлықпен шығу үшін.
- Жігітіңіз сізді әлемнің барлық еркектерінен қызғануы үшін.
- Жігітіңіз сізді тастап кетеді деп қорықпас үшін.
- Құрбыңыз не анаңыз сіз жаңа көйлек кигенде, оның сізге жарасатындығы туралы өтірік айтпас үшін.
- Адамдардың есінде болу үшін.
- Жазғы демалысқа көлге шомылуға бару үшін.
- Арық болу үшін.
- Деніңіз сау болу үшін.
- Әдемі болу үшін.
- Өзіңіз үшін.
Сурет: fitnesswithrichard.co.uk.
С. А