Күн сайын үлкен дәрет сындыру организм үшін өте маңызды. Ағза күнделікті тазаланып отырғаны жақсы. Алайда емшектегі балалар кейде бірнеше күн дәретке отырмай қалады. Жас ата-аналар мұны көбінесе қалыпты жағдайға балайды. Бір күн отырмай қалса, уайымдамауыңызға болады. Ал, егер екінші күні бөпенің отыратын ойы болмаса, бұл секем алуға себеп. Демек бір нәрсе дұрыс емес. Балаға не тамақ жақпады, не ішкен дәрі-дәрмегі асқазанына ауыр тиді. Не мәселе одан тереңірек. Мұндайда бірден педиатрге көрініңіздер, ал оған баратын мүмкіндік тумай жатса уақыт жоғалтпай ем-дом жасағаныңыз жөн. Біріншіден, жаңа тағамдардан, тәттілерден бас тартыңыз. Сүт ішпеңіз. Баланың ішіп жүрген бөтелкедегі қайнаған суына дайын аскөк ұнтағын қосыңыз. 50 мл.-ден ішкізіңіз. Аш қарынға «Эндерожермина» капсуласын беріңіз. Міндетті түрде емгеннен кейін кемінде 2 сағат өтуі керек. Ол асқазанды тазартады, ішек құрылыс жұмысын реттейді. Оның бөпеге тигізер еш зияны жоқ. 7 күн күн үзбей ішіңіз. 3 не 4 күні нәтиже шықпаса, барлық шаруаны тастап дәрігерге асығыңыз. Сонымен қатар, іші қатқан бала мазасы қашып, шырқырап жыласа клизма жасауға болады. Бірақ клизма жасау әдетке айналып кетпеуі керек. Клизмадан кейін келесі күні бала өздігінен дәрет сындырмаса, педиатрге жолығыңыз. Мән-жайды ашып айтыңыз. Екі нәрсені ұмытпаңыз – не ішіп, не жеп жүргеніңізді бақылауда ұстаңыз және үй жағдайында емдеп аламын деп дертті ушықтырып алмаңыз.