Қалай десек те, адам үшін нанның орны бөлек. Бәрібір нан жегіміз келіп тұрады. Ендеше нанды сатып аларда неге мән беру керек, соған тоқталып көрейік.
Нан – адамға пайдалы көміртегі мен жасұнықтың, В дәрумендердің мол қоры жинақталған өнім. Мамандардың айтуынша, адам күніне кем дегенде бір тілім нан жеуі керек.
Ал қандай нан жеу керек дегенге келсек, бұл – әркімнің өз таңдауы. Біреуіне қара нан, біреуіне ақ нан ұнайды. Бірақ мамандардың айтуынша, нан аларды оның ұнтақ дәннен емес, тұтас дәнді нан болғаны дұрыс дейді.
Тұтас дәнді нан екені құрамында жазылып тұруы тиіс. Егер нанның кебек ұн мен қарабидай ұннан жасалғаны ең алдымен жазылып тұрса, онда оның тұтас дәнді нан емес екенін білдіреді. Тұтас дәнді нан деп ең бірінші жазылып тұруы керек.
Одан кейін мамандардың айтуынша, нанның құрамында қант бар ма, жоқ па – соған мән беру керек. Ингриеденттердің арасында "қант" деген сөз ең соңында жазылып тұруы тиіс.
Жалпы дүкеннен жақсы нан табу қиын. Ең дұрысы – нанды адамның өзі пісіріп жегені.