- Негізгі бет
- Денсаулық
- Мынадай жағдайларда шәй...
Мынадай жағдайларда шәй ішуден аулақ болыңыз
Шәй – көптеген адамдардың ең жақсы сусыны. Қартайған кісілердің шәйға деген құмары тіпті де арта түседі. Бұл ең бастысы оның құрамындағы сергіткіш кофеин заттардан. Дегенмен, мынадай жағдайлар кезінде шәй ішуден аулақ болыңыз.
- Тұмауратып, дене температураңыз көтеріліп, қызып тұрған кезде шәй ішпегеніңіз жөн. Шәйдағы кофеин құрамы сіздің дене температураңызды тіпті де жоғарылатады. Оның үстіне дәрінің күшін жойып жібереді.
- Бауыр ауруына шалыққан адамдардың ең жақсысы шәйді тұтынбағаны жөн.
- Жүйке-жүйесі әлсіз адамдар шәйді аз тұтынған жөн. Көбінесе түстен кейін немесе кешқұрым шәй ішуден аулақ болыңыз. Кофеин жүйкені сергітетіндіктен ұйқысыздыққа душар етеді.
- Араққа сылқия тойып алып, шәй ішу тіпті де қатерлі. Мас кезде шәй ішу бүйрекке ауыр салмақ түсіреді. Мас кезде шәйдің бүйректі зақымдау қуаты тіпті де арта түседі.
- Дәріні шәймен ішуге немесе дәріден кейін шәй ішуге мүлде болмайды. Бұл дәрінің күшін жойып қана қоймай, кофеин құрамы кейбір дәрілермен қосылып, басқа аурулар тудырады.
- Қан аздық ауруына шалдыққандар да мүлде шәй ішуге болмайды. Шәй әдетте қанда ерімейтіндіктен ауруды асқындырып жібереді.
- Бүйрегіне тас байланған адамдарға да шәй ішуге болмайды екен.
- Аш қарында шәй ішуге болмайды. Асқазан сұйықтығының бөлінуіне кері әсер беретіндіктен, ас қорыту жүйелерінің әр түрлі ауруларына душар етеді. Тамақтың алды-артында да шәй ішпегеніңіз жөн. Тамақ ішіліп, 20 минуттан кейін ғана «рахаттанып» отырып, шәй ішуіңізге болады.
- Ұйықтар алдындағы екі сағат мөлшерінде мүлде шәй ішпеңіз.
- Бізде әдетте түн асқан шәйді тұтына беретін әдет бар. Түн асқан шәй өз құрамын тез өзгертеді. Бұдан абай болған жөн.
- Балаларға қанық, қою демделген шәйді ішуге болмайды. Бұл балаларды қан аздық, темір құрамы жетіспеу секілді ауруларға душар етеді.
- Егер жүрек ауруыңыз болса, мүлде шәй тұтынбағаныңыз жөн. Шәйдағы сергіткіш кофеин жүрек ритмін тездетіп жібереді.
Дайындаған: Алшын МАТАЙ
Сурет: hnldwkg.blog.163.com
Қ. Қауымбек